Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Зар заман

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж6 Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану
• Медиа материал арқылы шығармадағы мәліметтер, дәлелдемелер тізбегін түсінеді, туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.
Сабақтың мақсаты Оқушылардың барлығы: Мультимедианы қолдану арқылы шығармадан мәліметтер тізбегін түсініп құрады;
Оқушылардың көпшілігі: алынған мәліметтерді меңгере отырып, оларға шығармадан дәлелдемелер келтіріп түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі: шығармада туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.
Жетістік критерийлері Медиа материал арқылы шығармадағы мәліметтер тізбегін түсініп құра алады;
Алынған дәлелдемелер арқылы туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.
Дифференциация «А» деңгейіндегі оқушы – жинақтау мен бағалау сатысындағы сұрақтарға жауап бере алады;
«В» деңгейіндегі оқушы – талдау және қолдану деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады;
«С» деңгейіндегі оқушы – білу мен түсіну деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады.
Ұлттық құндылықтар Оқушылар жақсы қарым - қатынас жасау, сындарлы тіл табыса білу, өз мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау, әдептілікті сақтау, бір - біріне деген адалдық, ашықтық, бір - бірін бағалау, қасиетті дәстүрлерден құндылықтарды бойына жинайды.
Тілдік міндеттер Оқушылар:
Пән лексикасы және терминология:
Зар заман, ақыр заман, тар заман, кері кеткен заман тіркесті сөздердің мағынасын ашады.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша..., Менің дәлелім бойынша..., Пікірге қосыла отырып.
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы: XIX ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы жағдай; География: Сол ғасырдағы Қазақ елінің территориялық жағдайы; АКТ: «БілімЛанд» кз. басқа да сайттарды мен интерактивті тақтаны қолдану.
Алдыңғы білім Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. «Біржан - Сара» айтысы.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Сабақта жоспарланған оқыту іс – әрекеттері Оқыту ресурстары
Сабақтың басы:
7 минут Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту
ЖЖ. Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.
Тапсырма. «Сүгіреттер сөйлейді» әдісімен бірнеше суреттер таратылады.
Олар: ақынның бейнесі, кітап пен ақшаның суреттері мен қоса зар заман, ақыр заман, тар заман деген сөздер ұсынылады. Берілген суреттер сөйлету арқылы болжам
жасайды. Өз ойларын ортаға салып, пікірлесіп бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға жұмыстанады. Яғни, оқушылар сурет пен сөздерде қазақ жеріндегі дәуірдің тарлығы болғандығын, бұрынғы (XIX ғасыр кезеңінде өмір сүрген халықтың жағдайына болжам айта отырып, бүгінгі тақырыпты Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра сөйлейді. Оқушы пікірлері мен айтылған дәлелді ойлары арқылы бүгінгі сабақтың
 тақырыбы мен мақсаты, жетістік критерийлері таныстырылады
Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген оқушыларға «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады. МЖ =Мұғалім жасаған
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану
«Сауал – жауап»
• Шортанбай Қанайұлы кім?
Оқушылар ментальды картасы арқылы ақынның өмір сүрген ортасы мен жазған еңбектері жайлы болжам арқылы ой деңгейін кеңейтеді.
«BilimLand. kz» Шортанбайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырмасы беріліп, Онлайн таймер арқылы өтіп шығады.
• «Зар заман» деген қандай заман? Өз көзқарасын 1 ойлы пікір мен 1 нақтырақ дәлел келтіре отырып айту.
Оқушылар кері байланыс береді:
- Ойын жеткізе алды, пікірін қолдауға болады.
- Зар заманның қандай заман екенін тарихпен байланыстыра сөйледі.
- Сөзін ұтымды қолдана алды.
- Ойын білдірді, дегенмен әлі де нақты әрі жинақы сөйлей білсе дегенім келеді.
Сынып алдыңғы, ортаңғы және шеткі деп 3 топқа бөлу.
Әр топқа 8 - 9 минут дайындық беріледі.
Тапсырма. 1. Алдыңғы топ оқушыларына:
Планшет арқылы Уикипедия, қазақша ашық энциклопедияға кіріп,
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды іздейді.( Іздеп, тапқан деректерді дәптерге түсіріп алады).
Ғаламтордан алғандарын алдыңғы айтылған мәліметтермен салыстырып, нақтылайды.
Жаңа дәлелдемелерді тізбектей отырып, хронологиялық карта ретінде «Т» кестесіне орналастырады.
Солардың ішінен ең маңызды 2 мәліметке нақты дәлелдемелер келтіріп таныстырылым жасайды.
Оқушылардың таныстырылымын топтар бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Уикипедияны пайдалана алады Ақынның өмірі, шығармашылығынан жаңа мәліметтерді жинайды Маңызды дәлелдемелерден хронологиялық карта жасайды
Ортаңғы топ оқушылары
1. «BilimLand. kz» сайтына кіріп, 10 - сыныпқа арналған материалдар тізбегінен «Зар заман» ақындарын іздейді.
2. Шортанбай Қанайұлының «Бала зары» толғауын тыңдайды.
3. Шортанбай толғауында туындаған мәселелерді жазып алады.
4. Туындаған мәселелерді топта талқылып, қорытынды түйін жасайды.
5. Соның ішінде нақты 2 мәселеге дәлелді ой келтіре отырып, тарихпен байланыстырып, өз көзқарастарын білдіреді.
Бағалау критерийлері:
«BilimLand. kz» сайтын пайдаланады «Зар заман» толғауынан тыңдап нақты 2 дәлелде
ме келтіреді туындаған мәселеден қорытынды түйін айтады
Шеткі топ оқушылары:
«Google» сайтын пайдалану арқылы Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы туралы зерттеуші ақын - жазушылардың ой пікірінен іздеп табады.
Олардың ақын көтерген мәселенің шынайылығына тоқталып дәлелді ой келтіреді.
Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра отырып, сол кезеңдегі қазақ даласындағы кейбір оқиғалардан мәліметтер келтіреді.
Оны бүгінгі өмірмен байланыстырады. «Т» кестесін толтыру арқылы Шортанбай өмір сүрген «Зар заман» мен «Қазіргі заманның» маңызды тұстарын тізбектеп креативті ой айтады.
Оқушылар жұмыстарын сынып алдында қорғайды.
Бағалау критерийлері:
Медиа материал арқылы зерттеушілердің ой пікірін табады Нақты дәлелдемелер келтіре алады Поэзиядағы мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды Шортанбай заманы мен қазіргі заманды салыстырып креативті ой айтады
Оқушылар бір - біріне кері байланыс арқылы шынайы әрі нақты комментарий берді.
Үйге тапсырма. Ш. Қанайұлының «Зар заман» толғауын толық оқиды. «Бала зары» шығармасын «BilimLand. kz» сайтынан тыңдайды.
Уикипедия қазақша ашық энциклопедия
http://www. bilimland. kz/kk/content/lesson/7646 - 13_shortanbaj_qanajuly_bala_zary_tolhau
Google сайты
BilimLand. kz
Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия. Оқушы сабақ барысында өзі үшін
Мен үшін жеңіл болған 2 нәрсе...
Мен үшін қиын болған 2 нәрсе....

Мектеп: Атырау қаласындағы
химия - биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Текеева Жанша Тажибаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама