Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
«Шу қаласынан шу шықты»: Дәрігерлер жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырғаны рас па?!

Шу қаласында адам сенгісіз жағдай орын алды. Жергілікті аурухананың дәрігерлері жүкті әйелдің өлімін жасырмақ болған, деп хабарлайды Infohub.kz ақпарат агенттігі Todayinfo.kz инстаграм аккаунтына сілтеме жасап.


5 наурыз күні жүктіліктің 34-ші аптасында болған келіншек түсік қаупімен Шу қаласындағы көпсалалы ауруханаға түскен. 9 наурыз күні кешке оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түседі. Дәрігерлер 10 наурызда шұғыл ота жасап, іште шетінеген нәрестені алған. Алайда келіншек есін жимастан, екі күннен кейін жан тапсырған.

Қайтыс болғаны туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған. Полицияға да, облыстық денсаулық сақтау басқармасына да хабар берілмеген.


Марқұмның күйеуі әйелін жансақтау бөлімінен таппай, аурухананың түкпір-түкпірін аралап іздеген. Ақыры, күдікті иіс шыққан бағытқа бара жатып, әйелінің ісіп кеткен денесін аурухананың техникалық жертөлесінен тауып алған.

Бұл оқиғаның ең сорақы тұсы – дәрігерлер мәйітті арнайы мәйітханаға тапсыруды да ойламаған.

Аталған оқиға қоғамда үлкен шу туғызды. Денсаулық сақтау саласына деген сенімге селкеу түсіріп, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне қатысты көп сұрақ туындады. Құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама