Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 минут бұрын)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына әлі күнге дейін лайықты кандидат табылмады: Себебі айтылды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне әлі күнге дейін жаңа адам тағайындалмады. Сыбайлас жемқорлық үшін 6 жылға сотталған Жәкіслық Омардың үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсіргені белгілі болды. Осыған байланысты, облыс әкімінің аппараты бұл қызметке жаңа адам тағайындауға әлі ерте екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Неге жаңа орынбасар тағайындалмады?

Облыс әкімінің аппаратына хабарласқанда, бірінші орынбасар қызметінің бос еместігін айтты. Олардың айтуынша, сот актісі заңды күшіне енбегендіктен, жаңа адам тағайындауға құқықтық негіз жоқ.

Әкімдік бұл мәселені барлық қажетті заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін ғана қарайтынын хабарлады. Ресми түрде әлі кадрлық өзгерістер болмаған. Қазіргі уақытта Жәкіслық Омардың міндеттерін облыс әкімінің басқа орынбасарлары атқарып жүр.

Жәкіслық Омардың ісі

3 сәуірде Өскемен қаласындағы ауданаралық соты Жәкіслық Омарды алаяқтық және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Оның Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынды.

Омарға екі іс бойынша айып тағылды:

Сотта Жәкіслық Омар өз кінәсін толық мойындап, соңғы сөзінде соттан өмірін жеңілдетіп, бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен ауыстыруды сұраған.

Жаңалықтар

Жарнама