Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есім туралы түсінік беру.
2. Ойлау және шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, сауаттылығын арттыру.
3. Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге, әсемдікке, адамгершілікке, өз елінің ұлттық құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, шығармашылық, өзіндік жұмыс, сызба – нұсқалармен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық. (мектеп маршы)
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Заттардың алуан түрлі белгілері болады сол белгілеріне назар аударту.

Үй тапсырмасын қайталау.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары
1. Зат есім деп нені айтамыз? Сұрақтары.
2. Жалпы есім, жалқы есім. Анықтамалары.
3. Зат есімнің жасалуы.
4. Деректі, дерексіз зат есімдер.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, енді біз бүгін тағы бір сөз табымен танысамыз. Ол үшін сендер мына сөзжұмбақты шешулеріңіз керек.
1. Көп сөз.... (күміс)
2. Аз сөз.... (алтын)
3..... өрге жүрер(өнерлі)
4..... киім тозбайды(кең)
5..... ағаш жерге иіліп тәжім етеді(жемісті)
6..... жігіт елге иіліп тәжім етеді(жетелі)
7..... жолдас жолда қалдырар(жаман)

Сын есімнің белгілері
1. Көлемі (үлкен, кіші, аласа)
2. Түсі (ақ, сары, көк)
3. Көрінісі (сұлу, жіңішке)
4. Салмағы (ауыр, жеңіл)
5. Сапасы (қатты, жақсы, мықты)

Сын есімнің анықтамасы, сұрақтары, мысал келтіру.
Сын есім – Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр – түсін, көлемін білдіру, қандай, қай деген сұрақтарына жауап беру.
Мысалы:
Мұқағалидың «Сап – сары жапырақтар» өлеңінен үзінді
..... Сап – сары жапырақтар жоғалуда,
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың.
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.

Тапсырмалар:
1. Бір сөзбен айтқанда қалай деп атайды?
1. Сөзге шешен адамды (шешен, тапқыр)
2. Айтқанға сене салатын адамды (аңқау, сенгіш, ашық ауыз)
3. Жан аямай жұмыс істейтін адамды (еңбекқор, еңбек сүйгіш)
4. Бойы ұзын адамды (бойшаң, ұзын)
5. Көрінгенге соқтыға беретін адамды (сотқар, тентек, бұзық)
2.«Менің парталасымның портреті» шағын эссе жазу

3. Жылдам жауап
Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын.
АСҚАҚ
С
Қ
А
Қ

ТӘТТІ
Ә
Т
Т
І

4. Оқулықпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған «Қыс», «Күз» өлеңдерінен сын есімдерді теріп жазу.
Абайдың қыс, күз суреті
«Күз» өлеңінен: сұр, суық, дымқыл.
«Қыс» өлеңінен: ақ, денелі, соқыр, мылқау, суық.
5. Әже деген кім? Ол қандай болады? (ой толғау)

6. Мақал қуаласпақ.
І топ: Мақал – мәтел бастайды
ІІ топ: Жалғастырады
ІІІ топ: Мақал ішінен сын есімді табу.

Сабақты бекіту
Өзімді - өзім сынаймын
1. Сын есім
А. Заттың санын білдіреді
В. Заттың сапасын білдіреді
С. Заттың атын білдіреді
2. Сын есімнің сұрақтары
А. Не істеді?
В. Қандай? Қай?
С. Қанша? Неше?
3. Сын есімді тап
А. Кеше
В. Он сегіз
С. Сары
4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй, кіші үйдің ішінде балуан би (ауыз, тіл, тіс)
5. Қарсы мәндес сын есімді тауып жаз
Аласа, асау, қымбат
6. Мағынасы жуық сөздерді тауып жаз
Әдемі, батыр, зәулім.

Үйге тапсырма
«Тәуелсіздік мақтанышым» деген тақырыпта шығарма жазу
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама