Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сырым мен Мөңке би

Сырым сексен жасқа келіп, қартайып жатқан Мөңке биге барып бата алып кетейік деп барған. Барса, Мөңке би киізге оранып жатыр екен. Сырым жөнін айтқан соң, Мөңке: «Құлағыңнан сыбыр кетпесін, үй сыртынан дүбір кетпесін, жасың қырық-елуден аспасын!» — деген екен.

Сырым бұл айтқанына риза болмай қалған. Сонда Мөңке би: «А, сонда менің дәуірімді іздеймісің?» — депті. Артынан Сырым қартайған соң қадірің болмайды екен деп түсінген.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама