tengrinews.kz
- 25 ақп. 2026 01:01
- 21
Софья Самоделкина: «Қазақстанның намысын қорғау – үлкен құрмет!»
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында топ-10 кіргеніне қуанып, елге алғыс білдірді. Бұл оның мансабындағы алғашқы Олимпиада және Қазақстан атынан шыққан алғашқы жарысы болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа белес
2023 жылы менің өмірімде жаңа кезең басталды: анамның Отаны – Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын болдым. Бұл мен үшін үлкен құрмет және жауапкершілік. Ел менің мүмкіндігіме сенді, бүкіл бір ел қолдау көрсетті. Қазақстан Республикасына сенім мен қолдау үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді спортшы.
Спорттық азаматтықты ауыстыру
Спорттық азаматтығын ауыстыру 2023 жылы жүзеге асты. Самоделкина Қазақстан паспортын алғаннан кейін халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат алып, ұлттық құраманың көшбасшыларының біріне айналды.
Олимпиададағы өнер
19 жастағы спортшы Олимпиадада өзінің ең үздік өнерін көрсеткенін айтты. «Мен дайындаған барлық нәрсені көрсеттім. Бұл менің ең бақытты сәтім. Жанкүйерлердің қолдауы керемет болды. Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан келген адамдардың мені қолдап, ту көтеріп жүргендері туралы көптеген бейнелерді көріп жатырмын. Адамдар қол соғып, энергиясын сезінгенде, өзіңді еркін сезінесің. Сондықтан барлығына тек рахмет айта аламын», - деп бөлісті Самоделкина.
Нәтижелер
Қысқа бағдарламадан кейін Самоделкина 12-орында тұрған болатын. Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы судьялардан 138,99 балл жинап, жалпы есебі 207,46 баллмен өзінің жеке рекордын жаңартты. Қорытындысында мәнерлеп сырғанаушы әлемдегі үздік ондыққа енді.