Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Тақырыбы: Сөз тапқанға қолқа жоқ
Сайыстың мақсаты: тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін арасында насихаттау және күнделікті өмірде пайдалана білуге жетілдіру, шешендік өнерге жастарды дағдыландыру..

Сайыс жеті кезеңнен тұрады:
1. Топтың атын, ұранын қорғау (2мин)
2."Мақал - сөздің мәйегі" (Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын мақал - мәтелдер
жарысы (3мин)
3."Деген екен" (Билер, шешендер, әйгілі өнер, білім қайраткерлері, ақын - жазушылардың
ұткыр ой, ұтымды жауаптарынан үзінділерді мәнерлеп оқу (3мин)
4."Мықты болсаң - тауып көр". Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестеріне мықты екендеріңді
байқаймыз, әр дұрыс жауап 10ұпай болып есептеледі (3мин)
Топ 6 адамнан құралады.
5."Жүйрік болсаң – шауып көр"кестедегі сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру, мағынасын
түсіндіру (3мин)
6."Ойлы болсаң - озып көр"көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын ашу.
Әр топтың жауаптарынан қазылар алқасы 5 ұпайлық жүйемен бағалайды Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады және марапатталады.
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Балтабай Адамбаев, Шешендік сөздер, А., 1990: Абат Кыдыршаев. Шешендіктану. Орал, 2004.

1 - жүргізуші:- Құрметті оқушылар мен ұстаздар, тілдер мерекесіне арналған "Сөз тапқанға қолқа жоқ" атты шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 9 - сынып оқушылары мен пән мұғалімдері. сынып жетекшілері қатысып отыр.
2 - жүргізуші:- Сайыскерлердің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық. Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып марапатталады.
1 - жүргізуші:- Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Әр топ өздерінің атын және топтың ұранын қорғайды.
2 - жүргізуші:- Қазақ -"сөз қадірі - өз қадірім",- деп білген халық. Қазақ тілі - сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды. Асыл мұра - сарқылмас ауыз әдебиетін жасады. Ауыз әдебиетінің байлығының бірі - мақал - мәтелдер. Олай болса, мақал - мәтелдер жарысын бастаймыз. 9 а сынып оқушылары, 9 ә оқушылары, 9 б сынып оқушыларынан құралған топтарды ортаға шақырамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама