Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім
Жүргізушілер бастайды
Ж - 1 - Армысыздар ұстаздар!
Ж - 2 - Бармысыздар ата - ана!

Ж – 3 - Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Ж - 1 Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің.
Таудай боп шығасың.

Ж – 2 Тәй - тәй басқан балапан
Қанат қақты қатайып.

Ж - 3 Тәй – тәй басқан балапан
Адам болды қуантқан.

Ж – 1 - 2014 жыл, 1 – ші қыркүйек. Қолымда гүл, жүрегімде арман, толқып тұрмын, қорқып тұрмын.

Ж – 2 - 2014 жыл, 1 – ші қыркүйек. Қолымда гүл, жүрегім дүрсілдеп мектеп табалдырығын аттаған едім.

Ж – 3 - 2014 жыл, 1 - ші қыркүйек. Қолымда гүл, жүрегімде қуаныш. Алғаш сынып табалдырығын аттап, парта деген киелі орынға отырған едік.

Ж – 1 - Айнала толған бала, бәріміз кішкентай ғана бала едік. Міне, бақандай төрт жыл өте шықты.

Ж – 2 - Несін айтамыз? Уақытқа амал бар ма? Алғашқы күн, алғашқы ұстаз, бәрі де есте жаңғырар.

Ж - 3 - Ия, Уақытқа шек жоқ. Дегенмен, мен бүгін дәл алғашқы күндей қобалжулымын. Себебі, менің сүйікті де, сүйкімді апайларымыз, Тайжанова Сауле Чаржаубайқызы мен Байдилдаева Макпал Шамғалиқызымен қоштасқалы отырмыз.
Ж - 1 - Олай болса, неге көңіл көтермеске? Неге өнер көрсетпеске?

Ж – 2 - Өнер демекші бәрінде біз өз апайларымыздан үйренген жоқпыз ба?
Оқу да, тоқу да, ән де, би де, тәрбие де!

Ж - 3 - Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші, мына жиналған қауымға сол үйренген, білгенді көрсетсек қалай болар екен?

Ж – 1 - Әрине көрсетеміз. Бүгінгі күн, бүгінгі мереке біздікі емес пе? Бәрі де дайын, бәрі де әзір.

Ж - 2 - Ендеше, сіздердің рұқсаттарыңызбен кешімізді бастаймыз.

Ж - 3 - Бар өнерді, бар көңілді саламыз.

Ж - 1 - Мектеп, мектеп, мектебім,
Балалық шақ өткенім.
Нұр төгілген көліңнен,
Өсіп шығам өзіңнен.

Ж – 2 - Біз барамыз артқа тастап төрт жылды
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді, - деп жүрек жарды ыстық лебіздерді, ақ ниеттерді, ізгі тілегімізді, қос ұстазымыз Сауле мен Мақпал ұстаздарымызға арнасақ қалай болады?
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама