- 13 жел. 2021 00:00
- 199
Студент жатақханасы
Жатақхана - ол менің екінші үйім. Студенттің қызыққа толы өмірінің бір бөлігі осы жатақханада өтетіндіктен, көп адамдар студенттік шақты еске алғанда, жатақхананы да қоса еске алады. Бұл жерде көпшілігі ауылдан келіп, жоғарғы оқу орнына, таңдаған мамандығына түсіп, сол жердегі балдармен бір отбасыдай болып, жатақхана студенттің екінші үйіндей болып кетеді. Олай дейтін себебіміз, «Жатақхана» деген кірер есік үстіне өрнектеп жазылған жазуды оқыған кезде студенттің жүрегінің толқитындығы шынында да рас. Өйткені, Қазақстан мемлектінің экономикасының жылдан жылға өркендеуіне қарамастан студенттерді толық көлемде жатақханамен қамтамасыз ету әліде жеткіліксіз. Сондықтан жатақханаға тұруға деканаттан рұқсат қағаз алған студенттің бір сәт болса да арманы орындалған сияқты болады. Себебі, студенттер жылдың екі айынан басқа күндердің бәрінде олардың өмірлері оқу ғимараттарында, жатақханада өтетіндігі анық. Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен реніші жатақханада өтетіндігі белгілі. Сондықтан студенттердің жатақхана тұрғындарының міндеттері мен құқықтарын, оны сақтау ережесін білулері өте қажет. Соған байланысты жатқханада шылым (темекі) шегу, шу көтеру, төбелесу т. б. тыиым салынады. Жатақханада тұрып жатқан студенттердің тәртіп сақтау, тынығу, сабаққа дайындалу туралы мәселелері көп қозғалады. «Жатақханада тұрмаған студент — студент емес» дегендей ел арасында «жалған» пікірлер бар екендігі анық, бірақ студент қандай жерде болмасын, оның студент екендігін растауға болатыны шындық. Бірақ, жатақханада өмір сүруді өмірімнің қызықты шақтарын басыңнан кешіру деп білемін. Бөлмеде үш ұл тұрамыз. Бір-бірімізге ауырлық түспес үшін кезекпен тамақ істейміз, бірақ кезекшілік күні біреуміздің уақытымыз болмай бара жатса кезексіз тамақ әзірлейтін күндеріміздің болатындығын жасыра алмаймын. Әрине, әр жолы өзіміз аңсайтын тамақты дайындауға студенттің шәкіртақысының жеткіліксіздігі белгілі, бірақ соған қарамастан үйдің тамағындай ас әзірлеуге тырысамыз.
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: Ақпарат технологиялары
Мамандық: Интеллектуалды Басқару Жүйесі 21-3
Қазақстан тарихы Кошкинбаев Султанбек