Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Қарабау орта мектебі
Мен химия пәні мұғалімімін Қабиден Құндыз

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Сулы ерітінділер және жүзгіндер, қоспаларды бөлу жолдары. Судың тірі организмдер үшін маңызы, су және ерітінділердің табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы.
Сабақтың мақсаты: Судың еріткіш қасиетін түсіндіру, тәжірибелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар туралы мәлімет беру. "Ерітінді", "ерігіштік " ұғымдарының мәнін ашып, оның өнеркәсіптегі, халық шаруашылығындағы алатын орнын көрсету.

Оқу нәтижелері
- Қандай заттың суда еріп, қандай заттың суда ерімейтіні туралы мағлұмат алады;
- Судың адам үшін маңызын түсінеді;
- оқушылардың танымдық қабілетін дамиды;
- Суды ластамау, суды үнемдеп пайдалану керектігін ұғынады.
Сабақ түрі: Аралас сабақ;
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, есептер шығару.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, периодтық жүйе, ерігіштік кестесі,
Құрал - жабдықтар: ыдыстар, су, қант, этил спирті, гипс, бор, газды сок, өсімдік майы, сүзгі қағазы, құм, ағаш жаңқасы;
Модульдер: АКТ, СТО, бағалау, диалог, көшбасшылық;

Мұғалімнің іс – әрекеті
Ұйымдастыру 2 минут
Оқушылармен амандасу; сыныпты түгендеу, сыныпты топтарға бөлу.

Үй тапсырмасы 10 минут
1) 1 - топ: Табиғаттағы су. Судың физикалық қасиеттері.
2 - топ: Судың құрамы. Судың химиялық қасиеттері. Қолданылуы.
2) Екі топ оқушылары Су туралы мақалдар айтудан жарысады.

Негізгі бөлім 15 минут
Тәжірибелер:
1 - топ: Суда қанттың еруінен не байқадыңдар?
2 - топ: Суда гипстің еруінен не байқадыңдар?
Су - еріткіш. Көптеген заттар суда еріп, ерітінді түзеді. Ерітінділер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір - бірімен физикалық - химиялық әсерлесетін жүйе. Іс жүзінде көргеніміздей заттардың барлығы дерлік суда жақсы ери бермейді. (ыдыстағы суға борды салып, ерімейтінін байқау). Сондықтан бір заттың екінші затпен салыстырғанда қанша еритінін көрсету үшін ерігіштік ұғымы қолданылады. Ерігіштіктің сандық мөлшерінің ерігіштік немесе ері коэффициенті арқылы анықталады. ол ерітінді түзген зат массасының еріткіштік көлеміне қатынасына тең. Өлшемдері: г/см3, г/мл3. Берілген температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса - қаныққан деп аталады.

Ерітінділер үшке бөлінеді: Е - жақсы еритіндер, АЕ - аз еритіндер, ЕМ - ерімейтіндер. (ерігіштік кестесімен таныстыру). Бөлме температурасында 100 г суда 10 г - нан артық зат ерісе жақсы еритін, 1 г - нан кем зат ерісе аз еритін, егер зат 0, 01 г - нан кеміп кетсе ерімейтін заттар деп аталады.

Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады. (Тұздардың ерігіштік қисықтары. 32 - суреті бойынша түсіндіру)

Сұйықтардың еруіне тәжірибе: Стакандардағы суға май және этил спиртін құю. Спирт суда шексіз ериді, ал май эмульсия түзеді.

Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Газдардың ерігіштік қасиетін газды сусындар дайындау үшін пайдаланады. (газды сусыны бар шөлмектің қалпағын ашқанда, пысылдаған дауыстың ішінде газ бөлініп шыққанын білдіреді) Газды сусындар дайындауда көміртек диоксидін жоғары қысым арқылы ерігіштігін жоғарылатып жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама