- 05 нау. 2024 04:13
- 205
Сүйікті қалам саған арнаймын
«Сүйікті қалам саған арнаймын»
Мақсаты: Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын - сауықтар
Көрнекілігі:
Доптар, жалаушалар, кегли, құрсаулар, корзиналар, ойынға қажетті заттар, қалталар, эмблемалар.
Барысы: Балар бірінің артынан бірі бір қатармен жүріп, «Қатарыңды сақта» әнін орындап келеді де саппен тұрады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Құрметті балалар! Бүгін біздің «Күншуақ» тобында спорттық жарыс өтпекші. Қол соғып қошеметтеп, қатысушыларымызға демеу болайық. Балаларға сәт – сапар тілейміз.
Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен дене шынықтыру нұсқаушысы іс сайыс шарттарымен таныстырады.
Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балаларды.
«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз
Ұраны: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобын ортаға шақырамыз.
Ұраны: Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық.
Намысты қолдан бермейтін,
Жарыста озып шығайық.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: олай болса, жарысымызды бастайық.
Сайыс түрлері:
1.«Себетті допқа толтыру».
Шарты: кішірек доптарды әр бала себетке дәл көздеп лақтыру. Қай команда көбірек толтырса сол команда жеңеді.
2. «Жұлдызқұрттар».
Шарты: Аяқтарын алшақ қойып допты артқа қарай бір – біріне беріп, соңғы бала алдыңғы балаға бастан асыра алға қарай беріледі.
3. «Аққулар аулау».
Шарты: қатар қойылған бірнеше кеглиларды көздеп доппен құлату.
4. «Тез секіру».
Шарты: допты алып, дөңгелектен дөңгелекке секіріп, орнына қою. Секіріп келіп, орнына тұру.
5. «Кім жылдам?»
Шарты: Жалауды жоғары көтеріп, кубикке дейін барып кері қайту.
Қимылды ойын: «Орындарын жылдам табу»
Шарты: Балалар шеңберде тұрады. Екі баладан бір – біріне арқаларын тигізіп теріс қарап тұрып, үшке дейін санаған кезде шеңберде тұрған балалардың артымен айналып келіп өз орындарын табу.
Тыныс алу жаттығуы. Ауаны мұрынмен ішке тартып, сыртқа шығару. Қорытынды бөлім:
Тәрбиеші: Міне балалар осымен бүгінгі біздің «Көңілді эстафета»- деп аталатын спроттық ойын сауығымыз өз мәресіне жетті. Қол соғып, қошеметтеп ат салысқандарыңыз үшін көптен - көп рахмет. Барлық сайыста достық жеңді.
Спорт - көркі өмірдің,
Спорт - досың серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып өсіп толарсың - демекші салауатты өмір салтын серік етейік
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
«№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы» КМҚК
денешынықтыру нұсқаушысы
Кудайкулова Замзагуль Кабланбековна