Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сиқырлы пішіндер

Балалақшаға арналған сабақ жоспары
Тақырыбы: "Сиқыры пішіндер"
Оқу қызметі: Сенсорика
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Аралас сабақ: Көркем әдебиет, құрастыру сабағы.
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Құрал - жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
I. Ұйымдастырушы - қозғаушы кезең
: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңбе қолдарым хлоп - хлоп,
- Сәлеметсіңбе аяқтарым топ - топ.
- Сәлеметсің бе мұрным бип - бип,
Сәлеметсіңбе ерінім чмок - чмок!
Сәлеметсіздерме қонақтар!.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
- Күн суытады, қар жауады
II. Ұйымдастырушы - ізденістік кезең
(Ертегі)
"Ерте, ерте, ертеде дөңгелек пен төртбұрыш болыпты. Олар бір күні серуендеп жүреді. Төртбұрыш мен теледидарға ұқсаймын деп мақтанады, ал дөңгелек мен доқа ұқсаймын дейді. Бір кезде олар белгісіз пішінді көреді. Шошып кетіп, ағаш арасына тығылып қалады да, "бұл кім екен?" деп ойлайды. Дөңгелекке ұқсай ма? Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар) "Жүр, атын сұрайық", - дейді дөңгелек. Олар осылай танысып.
  - Мен үшбұрышпын, менің үш бұрыштарым бар.
Дөңгелек айтады: мен дөңгелек сияқты домалай аламын.
  - Мен үшбұрышпын, менің үш бұрышым, үш қабырғам бар, мен шатырға ұқсаймын. Сен шатырға ұқсасаң мен қабырға бола аламын. Екеуміз бірге үй жасай аламыз. Осылай олар достасып кетіпті.
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Ертегіде қандай пішіндерді көрдіңдер?
- Төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш
Айналамыздан осы пішіндерге ұқсас заттарды тауып көрейікші.
Ғажайып сәт: (Түлкі келеді)
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен түлкімін! Балалар мен орманға өз үйімді мұздан жасап едім, бірақ ол үй өте суық. Мен қатты жаурап жүрмін. Маған жаңа үй жасап бересіңдер ме?
- Жарайды түлкі біз саған сиқырлы пішіндерді пайдаланып үй жасап береміз.
Сергіту сәті (Видеоролик)
Балалар төртбұрыш және үшбұрыш пішіндерін пайдаланып үй құрастырайық. Төртбұрыш - қабырғасы, үшбұрыш - шатыры болады.
- Балалар алдарында тұрған пішіндерден үй құрастырады.
- Балалардың жұмысын талдау.
- Жарайсыңдар балалар, сендерге үлкен рахмет! Бұл менің сендерге сыйлығым! Сау болыңдар!
III. Қорытынды
Балалар біз бүгін қандай пішіндермен таныстық?
- Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
- Дөңгелек пішінді заттарды атайықшы?
- Доп, қарбыз.
- Біз түлкінің үйін қандай пішіндерден құрастырдық?
- Үшбұрыш және төртбұрыш
- Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі оқу - қызметіне белсен қатыстыңдар. Түлкі сендерге алғыс ретінде керемет тәтті ұсынды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Пішіндерді біледі..
Түсінеді: Қоршаған ортадағы заттардың геометриялық пішіндерге ұқсайтынын түсінеді.
Қолданады: Геометриялық пішіндерді ажырата алады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама