Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Табиғат құбылысы. Етістік
Павлодар қаласы, №16 лицей - мектебі
Сулейменова Альбина Сансызбайқызы

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылысы. Етістік
Сабақтың мақсаты:
1. Табиғат құбылыстарын еске түсіру. Жаңа сөздермен танысу. Етістікті қайталау.
2. Лексикалық қорды байыту, қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алу қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатымызды аялауға, қорғауға баулу
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
АҚТ, кесте қағаздары.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Тілді жаттықтыру мақсатымен әнұран айтылады
- Амандасу
- Кезекшінің жауабы
Мұғалімнің сөзі: - Балалар, қазір қай жыл мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? Осы өзгерістерді біз не деп атаймыз? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Дәптерлерімізді ашамыз.
Табиғат құбылысы
Балаларға сұрақтар қойылады, жауаптарына фишкалар таратылады.
1. Біз қандай табиғат құбылыстарын білеміз?
2. Табиғат құбылыстарынан нелер пайда болады?
3. Ериді, жауады, түседі сөздері қай сөз табына жатады?
4. Етістіктің сұрақтары қандай?
5. Етістік нені білдіреді?
Балаларға парақшалар таратылады.
– Ал, енді, балалар, парақшадағы 97 беттегі 4 тап суреттерге сипаттама жазамыз, 5 тап тиісті әріптерді қойып жазамыз (3 - 4 минут, тексеру, фишкаларды тарату
Сөздік жұмысы: - Сөздерді оқып шығамыз, сөз тіркестерін құрастырамыз. (Фишкалар таратылады)
құбылмалы - изменчивая
ауа райы - погода
нөсер – ливень
тұман – туман
бүр – почки

- Прақшадағы мәтінмен танысайық
Мәтін
Қыс бойы түскен қар көктемге қарай ериді. Осы кезде ауа райы құбылмалы, бұзылғыш келеді. Тұман басып, біресе нөсерлеп дегендей, жаңбыр да жиі - жиі жауады. Кейде тіпті қар да жауады.
Содан соң күн жылынып, ағаштарда бүр шығады. Жер бетіне көк шығады. Құстар қайта оралып, ұя салады.
Көктемнің осы сәтін адамдар да, жануарлар да сағынып кетеді.
Мәтін бойынша сұрақтар:(Оқушылардың жауаптарына фишкалар таратылады)
1. Қай жыл мезгілі туралы айтылған?
2. Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?
3. Ағаштарда не шығады?
4. Етістіктерді атаңдар
5. Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
6. Мәтінде қарындашпен етістіктердің астын3 минуттың ішінде сызып шығындар.
- Ал, қазір, балалар, сөйлесуді 3 рет тыңдаймыз. кесте қағаздарындағы тапсырмаларды орындаймыз.(тексеру, фишкаларды тарату)
Ой толғаныс!(3 - 4 минут)
Дұрыс / дұрыс емес
1. Көктемде қар түседі
2. Қыста күн ыстық болады
3. Көктемде жаңбыр жауады
4. Күзде жапырақтар түседі
5. Көктемде ағаштар бүр жарады
6. Қыста күндер аязды болады

Қорытындылау:
1. Бүгінгі сабақта біз не өттік?
2. Қандай жаттығулар орындадық?
3. Бүгінгі сабақта өздеріңе не алдыңдар?
4. Сабақ ұнады ма?

Үй жұмысы: «Табиғат құбылысы» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама