Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тапқыр достар
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін анықтау;
Міндеттері:
1. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
2. Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
3. Жан-жақтылыққа, таза сөйлеуге, қазақ тілін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сайысқа  қатысатын топтармен таныстыру:
1-топ «Таланттар»
2-топ «Ойшылдар»

1-кезең –Көшбасшылар сайысы «Кім көп біледі?»
Бұл кезеңде әр топтың көшбасшысына 10 сұрақ қойылады. Сұраққа  иә немесе жоқ деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.

2-кезең – «Тіл өнері»
Бұл кезеңде әр топқа 2 мақал беріледі. Сол мақалдағы тиісті сөзді тауып, оның орысшасын және ағылшыншасын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай.
                                                                                                                                                                        3-кезең - «Сұрақ бізден, жауап сізден...»
Бұл кезеңде әр топ бір әріпті таңдау керек. Қойылған сұраққа тек сол әріптен басталатын сөзбен ғана жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа  3  ұпай. 

1-кезең  «Кім көп біледі?»
1-топ:
1.Қазақ тілі мемлекеттік тіл  - иә  /жоқ
2.қазақ тілінде 40 әріп бар – жоқ/ия
3.Дыбыс екіге бөлінеді – жоқ/иә
4.А дыбысы – дауыссыз дыбыс – ия/жоқ
5. Ә дыбысы –жіңішке дауысты дыбыс –жоқ/ иә
6. М дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс –ия/ жоқ
7. Сөйлем бас әріптен басталып жазылады –жоқ иә
8. Күн сөзі бір буынды сөз –жоқ/ иә
9. Жер- су аттары бас әріптен басталып жазылады – жоқ/иә
10.Ұя сөзінде 2 дыбыс бар – ия/жоқ

Презентация сабақты жүктеп алу​​​



You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама