Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Тапқыр достар
Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу арқылы бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Итнерактивті тақта, компьютер, презентация,
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Кім білімді»
3. «Сен білесің бе?»
4. «Сөз тапқанға»
5. «Ойлан, тап!»
6. «Өнерпаз болсаң»
7. «Кім жылдам, әрі тапқыр»
Барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын,-дегендей сайысымыздың
1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Монитор», «Пернетақта», «Принтер» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.
2-ші кезеңі «Кім білімді»

№ Сұрақтар Жауаптар
1 1 байт неше биттен тұрады? 8
2 Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
3 Ақпарат латынның қай сөзінен шыққан? ALT+F4
4 Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
5 Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? декодтау
6 Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
8 Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде
9 Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы? пернетақта
10 Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
11 Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер
12 Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал
13 Windows-тің негізгі экраны жұмыс үстелі
14 Алғашқы программист әйел Ада Августа Лавлейс
15 Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады

3-ші кезеңі «Сен білесің бе?»
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары? негізгі
2 Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы дисплей немесе монитор
3 Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика
4 Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы компьютер
5 Екілік жүйенің сандары 0, 1
6 Компьютердің ішкі жады нешеге бөлінеді 2
7 Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы Оперативті жады
8 Логарифм сызғышын ойлар тапқан оқымысты Д. Робертсон
9 Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы Чарлз Бэббидж
10 Компьютердің “миы” процессор
11 Монитордың экранындағы түрлі түсті нүктелер пиксель
12 пернесі басқаша қалай аталады енгізу пернесі
13 Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы сканер
14 Ақпаратты басып шығаратын құрылғы принтер
15 Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі интерфейс

4-ші кезеңі «Сөз тапқанға?»
1-топ. Төмендегі сөйлемді ASCII кестесін пайдаланып кодтаңдар.
1. Информатика
2-топ. Төмендегі сөйлемді ASCII кестесін пайдаланып кодтаңдар.
1. Компьютер
3-топ. Төмендегі сөйлемді ASCII кестесін пайдаланып кодтаңдар.
1. Ақпарат

5-ші кезеңі «Ойлан, тап!»
1. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер)
2. Ұзынтұра жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын)
3. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (Компьютер)
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (Тышқан)
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,-деп келесі кезеңге көшейік.

6-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң» Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
7-ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»

Төмендегі берілген сөйлемге көп мағыналы сөз құрау.
1) ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН
Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Кеш соңында жеңіске жеткен топ марапатталады.
Қош сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама