Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тарих пәнінен бақылау жұмысы
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
7 - сынып

ІІ бөлім «Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер» бойынша қайталауға арналған бақылау жұмысы

І нұсқа
Оқушының аты – жөні: ______________________________
Сыныбы: 7 «»

1. Ұлы Жібек жолының қандай мәні болған?______________________________________________
____________________________________________________________________________________
2. ХІ – ХІІ ғғ Қазақстан шаруашылығы қалай дамыды? ______________________________________
____________________________________________________________________________________
3. Есімдер мен оқиғаларды біріктір:
А. Сатұқ Боғра - хан ----1. Найман мемлекетінің құрылуы
Б. Наркеш Даян ---------2. Батпақ шайқасы
В. Бату хан ----------------3. Ақ Орда мен Моғолстанға қарсы жорықтар
Г. Ілияс - Қожа -----------4. Жәнібек пен Керейдің көшуі
Д. Әмір Темір ------------5. Алтын Орданың құрылуы
Е. Әбілқайыр ------------6. Қарахан мемлекетінің құрылуы

4. Оқиғалар мен мерзімдерді біріктір:
А. 1125 ж ----------------1. Әмір Темірдің Мауараннахрда билікті өз қолына алды.
Б. 1206 ж ----------------2. Тоқтамыстың түпкілікті жеңілуі
В. 1370 ж ----------------3. Әбілқайырдың хан болып сайлануы
Г. 1395 ж ----------------4. Темужінді Шыңғыс - хан деп жариялау
Д. 1428 ж ---------------5. Мүбәрак хан Сығанақта өз ақшасын жасады
Е. 1327 – 1328 жж ----6. Жетісуға қидандардың қоныс аударуы

5. Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жаз:
Иқта___________________________________________________________________________
Даруға_________________________________________________________________________
Инал ___________________________________________________________________________
Тағар___________________________________________________________________________
Ұлысбектер______________________________________________________________________
Миришкалар_____________________________________________________________________

6. Терминдер мен олардың маңызын біріктір:
А. Тандыр ---------1. Санитарлық тазалық құрылысы
Б. Сәкі -------------2. Қаланың орталық бөлігі
В. Ташнау --------3. Ошақ
Г. Шахристан ----4. Қаланың сауда - қолөнер бөлігі
Д. Рабад ---------5. Демалуға арналған арба үстіндегі балшықтан жасалған үй


ІІ нұсқа
Оқушының аты – жөні: ______________________
Сыныбы: 7 «»

1. ХІ – ХІІ ғғ басында ғылым мен білім қалай дамыды? ___________________________________
____________________________________________________________________________________

2. Қазақстан үшін монғол жорықтарының қандай зардабы болды? __________________________
____________________________________________________________________________________

3. Мемлекеттер мен олардың орталықтарын біріктір:
А. Битөбе ------------ 1. Ақ Орда
Б. Ғұз Орда ---------- 2. Ноғай Орда
В. Сығанақ ---------- 3. Керейлер мемлекеті
Г. Сарайшық -------- 4. Шығыс Қарахан мемлекеті
Д. Орда Базар ------ 5. Қарақытай мемлекеті
Е. Қашғар ------------ 6. 1431 ж кейін Әбілқайыр хандығы

4. Оқиғалар мен даталарды біріктір:
А. 942 ж -------------- 1. Моғолстанға жасаған Әмір Темір жорықтары
Б. 1380 ж ------------ 2. Тоқа Темір ұрпақтарына қарсы Екіретүп жерінде Әбілқайырдың жеңіске жетуі
В. 1371 - 1390 жж ---- 3. Қарахандар мемлекетінің құрылуы
Г. 1431 ж -------------- 4. Куликово шайқасы
Д. 1207 - 1209 жж -- 5. Кавказға жасаған жорығы кезіндегі Берке ханның өлімі
Е. 1266 ж ------------- 6. Шыңғыс - хан таңғұттардың мемлекетін өзіне қаратты

5. Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жаз:
Орда __________________________________________________________________________
Баризгар_______________________________________________________________________
Мырзалар _____________________________________________________________________
Сойырғал ______________________________________________________________________
Көкілташ _______________________________________________________________________
Атабектер _____________________________________________________________________

6. Кесенелер атын олардың тұрған жерлерімен біріктір:
А. Айша бибі және Бабаджа – қатын кесенелері ---- 1. Түркістанда
Б. Арыстан баб кесенесі -------------------------------- 2. Ақ Орданың орталығы Сығанақта
В. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі ----------------- 3. Тараз қаласы маңында
Г. Көккесене кесенесі -------------------------- 4. Орталық Қазақстанда Қаракеңгір өзенінің жағасында
Д. Алаша хан кесенесі ------------------- 5. Отырар қаласының батыс жағында

ІІІ нұсқа

Оқушының аты – жөні: _____________________
Сыныбы: 7 «»

1. Қазақтың халық болып қалыптасуы қалай жүрді? ________________________________________
____________________________________________________________________________________
2. ХІҮ - ХҮ ғғ Қазақстанның экономикалық жағдайын сипаттаңдар: ___________________________
____________________________________________________________________________________
3. Есімдер мен оқиғаларды біріктір:
А. Насыр ибн Әли --------------1. Египет сұлтаны Бейбарыспен дипломатиялық қатынастың орнауы
Б. Күшілік -------------------------2. Қарахндықтардың Самани мемлекетінің жаулап алуы
В. Елюй Даши -------------------3. Ақ Орда мен Моғолстанға қарсы жорықтар
Г. Шағатай және Үгедей -----4. Отырар опаты
Д. Берке хан --------------------5. Моғол билеушісінің Әмір Темірмен шайқасы
Е. Қамар - ад - дин -----------6. Жетісуға қидандықтардың қоныс аударуы

4. Оқиғалар мен даталарды біріктір:
А. 1212 ж ----------------1. Әбілқайырдың ойраттармен шайқасында жеңіліске ұшырауы
Б. 1219 ж ----------------2. Қарахан мемлекетінің құлауы
В. 1141 ж ----------------3. Ұрыс хан Сығанақта өз ақшасын шығарды
Г. 1405 ж ----------------4. Отырар апаты
Д. 1456 - 1457 жж ----5. Әмір Темірдің өлімі
Е. 1368 – 1369 жж ----6. Қатуан даласындағы шайқас

5. Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жаз:
Вақф – ___________________________________________________________________________________
Хан ________________________________________________________________________________
Қалан ______________________________________________________________________________
Інжу _______________________________________________________________________________
Харадж _____________________________________________________________________________
Құшыр ______________________________________________________________________________

6. Терминдер мен олардың мағынасын біріктір:
А. Күйме -----------1. Жылқыны ұстағанда пайдаланылатын ұзын құрал
Б. Шұбат -----------2. Арба үстіндегі үйлер
В. Құрық -----------3. Халық ауыз әдебиет өнері
Г. Фольклор ------4. Түйе сүтінен жасалған сусын
Д. Жырау ---------5. Эпосты жатқа айтушылар


ІҮ нұсқа
Оқушының аты – жөні: ___________________
Сыныбы: 7 «»

1. Әмір Темір жорықтарының Қазақстан үшін қандай зардаптары болды? ___________________
___________________________________________________________________________________

2. ХІҮ – ХҮ ғғ Қазақстан мәдениеті қалай дамыды? __________________________________________
_____________________________________________________________________________________

3. Мемлекет пен олардың орталықтарының атауын біріктір:
А. Балықты ---------1. Сібір хандығы
Б. Сарай -------------2. Моғолстан
В. Алмалық ---------3. 1446 ж кейінгі Әбілқайыр хандығы
Г. Чимги - Тура -----4. Батыс Қарахандар мемлекеті
Д. Сығанақ ----------5. Наймандар мемлекеті
Е. Үзгент -------------6. Алтын Орда

4. Оқиғалар мен даталарды біріктір:

А. 960 ж -----------------1. Батысқа жасаған Моғолстан жорықтары
Б. 1236 - 1242 жж ----2. Әбілқайырдың өмірі
В. 1365 ж ---------------3. Бейбарыс сұлтанға Берке хан елші жіберді
Г. 1446 ж ---------------4. Ислам діні – Қарахан мемлекетінің діні болып жарияланды
Д. 1468 ж --------------5. «Батпақ шайқасы»
Е. 1262 ж --------------6. Әбілқайыр Самарханды жаулап алды

5. Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жаз:
Күл еркін ________________________________________________________________________
Әмірлер _________________________________________________________________________
Шерби __________________________________________________________________________
Зекет ____________________________________________________________________________
Жасауыл _________________________________________________________________________
Ұлыс ____________________________________________________________________________

6. Есімдерді және шығарма аттарын біріктір:
А. Махмұд Қашғари ----------1. «Ақиқат сыйы»
Б. Жүсіп Баласағұни ----------2. «Жүсіп - Зылиха»
В. Ахмет Игүнеки -------------3. «Диуани лағат ат - түрік»
Г. Ахмет Йасауи ---------------4. «Диуан - и - хикмет»
Д. Әли ақын --------------------5. «Құтадғу білік»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама