Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тарихта болғандар

— Стамбұлдағы Долмабахча сарайының құрылысына қарызға алынған 9 тонна алтын және 41 тонна күміс қолданылған.

— Осман мемлекеті Грецияны билеп тұрған кезінде жылына 7 миллион ақша салық жинап, 21 миллион ақша грек бюджетіне құятын.

— Крестік жорықтар кезінде 1096 ж Құдыста 40 000 мұсылман өлтірілген.

— 1914 жылы жазда түрік халифат лирасының құны 3,7 АҚШ доллары және 18,5 марк еді.

— Әндулусияның әміршісі Әл-Хакемнің кітапханасында 600 000 кітап бар еді. Ал бұдан 400 ж кейін өмір сүрген Франция королі 5-ші Чарльздің королдігінде бар жоғы 900 кітап болған.

— Қануни Сұлтан Сулейманның кезіндегі бюджеттер:

Сивас қаласынның бюджеті 20 000 000 алтын,

Францияның бюджеті 4 000 000 алтын,

Англияның бюджеті 3 500 000 алтын.

— 1835 жылға дейін әлемдегі ең үлкен қала Стамбұл болған.

— Қануни Сұлтан Сулейманның билігі кезінде 46 жылдың ішінде 1-ақ рет адам өлтіру қылмысы тіркелген.

— АҚШ-тың тарих бойы ағылшыншадан өзге тілде жасаған жалғыз келісімшарты түрік тілінде. Бұл келісімшарт Алжир әкімімен Жорж Вашингтон арасында Америка кемелерінен алынатын салық турасында жасалған.

— Бірінші дүниежүзілік соғыста 2 500 000 ат қолданылды.

— Екінші дүниежүзілік соғыста 56 мың неміс АҚШ-та тұтқында жатып аштықтан өлген.

— ХІ ғасырда Каирде 12 қабатты үйлер болған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама