Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тасбақа

Ерте заманда бір тасбақа болыпты. Ол арқасындағы ауыр жүгін арқалап, өмірі бейнетпен өтіп келеді екен. Бірде алыс сапардан әбден шаршап, шөлдеп келе жатқан бір жолаушыға кез болыпты. "Ей, жолаушы! Қайдан келесің?" — дейді. Жолаушы жауап беруге шамасы келмей, ағаш түбінде жүрелеп отырып, ұйықтап кетеді. Ояна келе алдында бір үзім нан мен бір кесе су тұрғанын көреді. Жан-жағына жалтақтап қарап еді, ешкім көрінбеді. "Менің жағдайымды жасаған кім екен?" — деп таңғалды. Сол кезде тасбақа:

— Шөлің қанып, қарныңа ас барды ма? — деп сұрайды.

— Тасбақа, рақмет! Бұл жақсылығыңды қалай қайтарсам екен? — дейді жолаушы.

Сонда тасбақа:

— Мына жерде бұлақ бар. Сол бұлақтың көзі бітеліп, түбі тартылып, жағдайымызды қиындатып жіберді. Құмның арасындағы жұмыртқадағы балаларымның өніп шығатын кезі жақындады. Не істерімді білмей отырмын, — деп тасбақа көлеңкеге тығылды. Жолаушы күні-түні бұлақты қазып, көзін ашып, бұлақтан мөлдір су аспанға атқылап, теңіз суға толады.

Тасбақа алғысын білдіріп:

— Ей жолаушы, екеуіміздің бұл өмірдегі көрер бейнетіміз бен қуанышымыз бірдей. Мен өмір бойы арқамдағы ауыр тасты арқалап келемін. Ол менің қысы-жазы баспанам, балаларымның өсіп-өнуіне жағдай жасаймын. Сен де ұрпағың үшін үй салып, тапқаныңды арқалап, өсіп-өніп келесің, тағдырымыз ұқсас, — дейді.

Айдынның суына шомылып, олар рахаттанады. Су ішіп, табиғат жасыл желекке айналды. Жолаушы табиғаттың әсем сұлулығына тамсана қарап, қамқор болғанына қуанды.

Берік Алтынай Айбекқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама