Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәуелсіздік тәңір сыйы

Биыл тауелсіздіктің отыз жылдығы. Тәуелсіздік  бұл мақтанып тұрып айта алатын мол байлық. Осы байлыққа жету жолында қаншама боздақтарымыз, елім деп, жерім деп қыршыннан қиылып кетті. Көптеген жастар  болашақ ұрпақ үшін өз басын бәйгеге тігіп,ата-ана перзентінен, ағасы қарындастан, іні әпкесінен  айырылды. Сол бір сексен алтының қахарлы жан түршіктірер оқиғасы әлі де халық есінде, және мәңгілікке өшпек емес. Осы бір қахарлы, боранды желтоқсанда орын алған жағдай барша халықтың болашағы үшін үлкен ықпал етті. Егерде сол боранды құйын 86 оқиғасы болмағанда қазіргі тәуелсіз қазақстан болмас па еді, ойнап күлген бейбіт өмірден құр қалар ма едік. Сондықтан да қазіргі өмір сүріп жатқан ортамыз  үшін, ата-бабаларымызға, аға-әпкелерімізге үлкен алғыс айтамын. Біз үшін Тәуелсіздіктің таңын атырған қаһармандарымыз жадымызда сақталары сөзсіз. Олардың ішінде Қайрат , Ербол, Ләззат және Сабира сынды аға әпкелеріміз баршылық. Қазақ үшін жанын қиған Ләззат Ассанова сол кезде небары 16 жаста болған еді, Ал Қайрат Рысқұлбеков жалған айып тағылып қатаң жазаға ұшырады, Ербол Сыптайев ауыр жарақатттанып соның кесірінен қайтыс болып кетті, ал Сабира  апамыз өзіне тағылған айыпқа шыдай алмай жатақхана терезесінен секіріп қаза тапты. Ұл демей қыз демей сұм өлім,құйын 86 талай жасты бақиға аттандырып талай анамен әкені зар жылатты. Әттең бір кем дүние. . .

Шындықтың ақ туы көкке көтеріліп қазақтың кім екенін бүкіл әлем мойындады. Содан бері міне отыз жыл өтті. Елу жылда ел жаңа дейтін бар емеспе, Қазақстан отыз ақ жылда гүлдей жайнап басқа елдермен терезесін теңестіріп, бәсеке қабілетті елге айналды. Оған үлкен  ықпал еткен елбасы Назарбаев болды. Жол жоқ жерде елді бастап, алға қарай жылжу оңай емес,ал елбасы осыны жасады. Тура жол тауып Қазақстанға аямай еңбек етті тер төкті.   Қазақстанның қазіргі келбеті әлем елдерінің ортысынан ойын тұрып орын алды.

Қорытындылай келе, Бабаларымыз арман қылып аңсаған тәуелсіздіктің таңын өлең шумағымен аяқтасам. . .

Көсіліп сөйлейінші кеңде менде,

Шындықты айтып ұлың ерлегенбе?

Айбыны асқақтаған қазағымның

Тасыда төрге қарай өрлегенде

Тәуелсіздік тағдырым,тал бесігім

Бұл жолда талай бабам терлегенде

Ағайын осы күнді қадірлейік,

Сол күнді көргенде бар көрмегенде.                

Авторы: Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 1 курс студуенті: Ғайсин Ақжол                  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама