Тәуелсіздік тұғырым
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым
Кештің барысы:«Көк тудың желбірегені»әні.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы мен мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихымен халықтық педогогика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1 - жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 30 жылдығына орай сыныптағы оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
Көк байрақтың бетінде
Қыран құстың бейнесі
Сол қырандай еркін деп,
Бала өседі талапты, - дегендей, сіздерді бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Сөз кезегі мектепаралық оқу өндірістік комбинатының басшысы; Уәлиев Мәулен Сабыржанұлына беріледі.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2 - жүргізуші:
Кеңбайтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгін де бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырсада, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы!!!......
1 - жүргізуші:
1986 жыл 16 желтоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағаларымыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік)
2 - жүргізуші:
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қаныш ерлер айналада көптін - ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті ергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....
1 - жүргізуші:
• 1990 жылы 30 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.
• 1991 жылдың 1 желтоқсанында Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақтан Республикасының Президенті етіп сайлады.
• 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
• 1992 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.
• 1992 жылы 8 мамырда елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
• 1992 жылы 4 - ші маусымда ел президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңға қол қойды.
• 1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
• 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
• 1995 жылы28қаңтардаТәуелсізҚазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1997 жылыДүние жүзі картасында жаңа «Астана» қаласы пайда болды.
• 1997 жылы 1 - ші шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданып, оның 4 - ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылды.
• Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Кең байтақ Отанымыз да ынтымағы жарасқан жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруде.
• Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен гүлденуі 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Ата заңның орындалуына байланысты. Ата Заңымыз – Қазақстан азаматтарының құқықтарын, бостандықтарын, олардың әлеуметтік дамуы мен гүлденуін қорғайды.
• Қазақстан – унитарлы мемлекет. Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген. Еліміздің қойнауы күміс пен алтынға, жайлауы төрт түлік малға, қамбасы астыққа, дастарханы нанға толы.
Ән «Қазақстан» орындайтын – сынып оқушысы
2 - жүргізуші: сұрақ - жауап.
1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
4. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
7. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
5. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
6. Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк)
1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Балбырауын»күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемінде,
Қыс болса, бір шетінде жаза уысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»
Дайындаған: Омаров З. К.
Толық нұсқасын жүктеу