Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Тақырыбы: Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Балаларға туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, компьютер, экран (слайд - шоу).

Барысы:
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.- Бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл – қыздарымызды еске аламыз.
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын. (1 минут үнсіздік)
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналған. Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Ел таңбамыз, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты.

Хор: Әнұран
1 - бала Асылбек
Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш - жігері жастардың сарқылмаған.
2 - бала Ырысгүл
Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті,
30 жыл тәуелсіздік алдық біз,
Жалғастырып баба жолын елдікті

3 - бала Темірхан
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай,
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай

4 - бала Бағдагүл
Тәуелсіздік мәңгілікке сақтасын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату - тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
5 - бала Айәділ
Егеменді ел болдық алға басып,
Мерекені қазақ тойлар асып - тасып
Төрткүл дүние өзімді танып отыр,
Мойындатқан тарихы мен даңқың асып.

6 - бала Алдияр
Шаттанатын бар әлем бүгін жайын,
Биіктерден көрінетін Туым дәйім
Құтты болсын ата - баба арманы
Тәуелсіздік туған ел, алғандайын.

7 - бала Бұлбінұр
Жаныма ыстық нұрлы шақ,
Мінекей ашып гүл құшақ
Арайлы таңдай алтын Заң,
Өзіңмен елім мәңгі шат.

8 - бала Айсұлтан
Әділет құшып барлығы,
Жаңғырды адам тағдыры
Жасай бер, жанға сая боп,
Алтын Заң - алтын таң нұры!

Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Алакөл негізгі орта мектебінің
«Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі:
Шонаева Гулдаурен Нурлыбаевна

Тәуелсіз елім - Қазақстан! жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама