Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тіл дыбыстары
Сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы кеңінен түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін ұштау, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 128 - жаттығу. Берілген шартын толық орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т. б.
Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі: сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ)
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал - лақ, түс - сүт, кел - лек
Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Жаланаш ауылы, Ж. Ермегияев атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Қуатбекова Асылхан Турсынқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама