Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
№ 1 мектеп – лицейі Токаева Айтбибі

Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ елінің тілін, рәміздерін қастерлеуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына дарыту.
 Көрнекілігі: Қазақстанның Әнұраны, Көк байрағы, Елтаңбасы. Мақал – мәтелдер, Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы, ұлағатты сөздер, ақын - жазушылардың портреті, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
 Ұйымдастыру кезеңі
 Әнұран орындалады
Кіріспе сөзі:«Тәлім – тәрбие тілден басталады»
 Негізгі бөлім.
 «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
 Қорытынды
«Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры»
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл – адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл - әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.

Тәлім - тәрбие тілден басталады.
Олай болса, тіл - бөбектің үні, тіл - ананың әлдиі, тіл – бесік жыры. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі - ар өлшемі. Тілді шұбарлауларды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ән: «Анамның тілі»
(Тіл туралы өлеңдер және ұлағатты сөздер оқылады)
Марлен: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Әйгерім: Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Динара: Тілім менің,
Осы жерде шежірем, жырым менің.
Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі,
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.
Тілім менің,
Жауға айбарым, ұраным, туым менің.
Алмаз: Тіл дегенім – түсіністік құралы,
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та, бірлік, достық, береке,
Бәрі – бәрі осы ұғымға сияды.
Айнур: Тіл – сарқылмас қазына. Ол халықпен бірге дамып, күнделікті қарым - қатынас ісіне, қасиетіне қарай байып отырады. Тіл – бабаның көзі, атаның мұрасы.

Рауан: Жанбасам да, жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілде ойлаймын.
Тобыш: Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
(Интерактивті тақта арқылы хронология көрсетіледі)
2. Негізгі бөлім:«Білекті бірді, білімді мыңды жығар»
Қазақ ССР - інің «Тіл туралы»заңы қабылданды

1989 жыл 22 - қыркүйек
1989 жыл 22 - қазан Алматы қаласында өткізілген құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі»қоғамы құрылды
1990 жыл 22 - наурыз Республикалық «Ана тілі»газеті жарыққа шықты
1993 жыл 28 - қаңтар Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекттік тілі болып бекітілді.
2001 жыл 7 - ақпан Қазақстан Республикасының Президенті«Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001 - 2010жылға арналған бағдарламасы»№550жарлыққа қол қойды.
2011 - 2012 оқу жылы
2007 жыл Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды
2008 жыл қыркүйек Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды.

«Тілдер туралы»заңда 6 тарау бар
1 - тарау
Жалпы ережелер
(1 - 7баптар) 2 - тарау
Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару 3 - тарау
Тіл - білім беру, ғылым,
Мәдениет
Және бұқаралық
Ақарат
құралдары 4 - тарау
Тіл - елді - мекен атауларында,
Жалқы есімдерде... 5 - тарау
Тілді құқықтық
Қорғау
(23 - 26 баптар) 6 - тарау
Тілді шет елдермен және халықара - лық ұйымдармен қатынастар - да

1 - кезекте «Бәрін білгім келеді?» сайысымызды бастаймыз (сұрақ – жауап)
Ал, балалар түркі халықтарының тілі туралы не білесіңдер?
Ең таза тіл – тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат жұртқа барып - келіп, қарым - қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін және шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық болады. Соғдақ, кенжек, арғу тайпалары дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады.

Дүние жүзінде көп тараған тіл қайсы тіл?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады.

Ал егер бір тілде сөлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 млн. адам сөйлейді екен. Ағылшын тілінде – 434 млн., хинди тілінде – 338 млн., испан тілінде – 331 млн. Адам сөйлейді.

Әрі қарай әр пән бойынша сұрақтар беріледі:
1) Сөз табының неше түрі бар? ( 9 түрі)
2) Абайдың неше қарасөзі бар?(45 сөз)
3) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды?
(1993 жыл 28 - қаңтар)
4) Дүниенің неше бұрышы бар?(4 бұрышы)
5) Жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)
6) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата(Ту, Елтаңба, Әнұран)
7) Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді және ата(4. Хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем, сұраулы сөйлем)
8) «Бидай мен қаңбақ» мысалының авторы кім?(Асқар Тоқмағанбетов)

2. Келесі кезең: Тіл өнері
(«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»)
Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Жауабын 3 тілде айтылуы керек.
1) Үндемес серік, ақылы берік (кітап - книга - book)
2) Бесікте тентек бала шырылдайды,
Көтерсең құлағыңа сыбырлайды (телефон - telephone)
3) Толып келіп бос кетеді (қасық - ложка - spoon)
4) Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар (бор - мел - chalk)
5) Жемге ауыз салса – ұтылғаны,
Айналып өтсе – құтылғаны (балық - рыба - fish)

3 - кезең:«Жалғасын тап»
Мақал - мәтелдер сайысы
1) Оқу - білім бұлағы,.... (Білім – өмір шырағы)
2) Тіл тас жарады... (Тас жармаса, бас жарады)
3) Батаменен ер көгерер....(Жаңбырменен жер көгереер)
4) Отан елдің... ( анасы)
5) Ел іші -..... (алтын бесік)
6) Отан оттан да ыстық
7) Туған жердің күні де ыстық, айы да ыстық
8) Отан - отбасынан басталады
9) Отансыз адам - ормансыз бұлбұлмен тең
10) Тіліңмен жүгірме,.... (біліммен жүгір)

4 - кезең.«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Бұл кезеңде оқушыларға әріптер беріледі. Бізге берілген мына әріптер: А, Ш, С.
Сұрақтар беріледі, жауабын алған әріптерінен басталуы крек.
1) Қай қалада тұрасың?
2) Сенің сүйікті әншің?
3) Қандай тағамды ұнатасың?
Сыныптағы досыңды та.

5) Мінез – құлқың қандай?
6) Қандай мамандықты қалайсың?
7) Кімге ұқсағың келеді?
8) Соңғы оқыған шығарманың аты.
9) Жазғы демалысыңды қайда өткіздің?
10) Қандай гүлді ұнатасың?
11) Мектепке немен келесің?
12) Қыста ауа - райы қандай?

Қорытынды.
«Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры».
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.

Тіл – ата - бабамыздың аманаты. Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз. Тіл – тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге, бесік жыры арқылы сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама