Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бауырымен жорғалаушы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабақтың мақсаты:
А. Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік қалыптастыру
Ә. Оқушылардың бауырымен жорғалаушылар туралы ой - өрісін кеңейту, дүние танымын қалыптастыру.
Б. Оқушыларды ептілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы
Әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жаттығу
Алақанды созайық
Сәттілік тілеп сабаққа
Көңілді де болайық.

Үй тапсырмасы: Оқушылардан үйге берілген Балықтар мен Қосмекенділер тақырыбының түсінігін сұрау.
«Кубик» ойыны арқылы сұрақтар қою
Жаңа сабақ
- Балалар, жануарлардың бірнеше топқа бөлінетінін білеміз, қане айтайықшы
- Құстар
- Балықтар
- Қосмекенділер
- Бауырымен жорғалаушылар
- Сүтқоректілер

Бүгінгі сабағымыз «Бауырымен жорғалаушылар» деп аталады
Бүгін біз төрт орталықпен жұмыс жасаймыз
1. Дүниетану орталығы
2. Ғылыми ізденіс орталығы
3. Сарамандық орталық
4. Шығармашылық орталық

1 - орталық. Мәтінді оқып, түсінігін айту
2 - орталық. Бауырымен жорғалайтын қандай жануарларды білесің? Атайсыңдар, не істейді, немен қоректенеді?
3 - орталық. Бауырымен жорғалаушылардың суретін салу
4 - орталық. Жан - жануарлар туралы мақал - мәтел құрастыру, жұмбақ құрастыру.

Әр орталықтың жұмысын тыңдау
Мұғалім түсіндірмесі:
Бауырымен жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар және қолтырауындар жатады. Бұлардың екінші атауы - рептилия. Барлық рептилиялардың терісі қабыршақтан тұрады, ал тасбақаның арқасында қатты тас сияқты терісі бар.
Ең ірі тобы кесірткелер. Олар төрт аяқты келеді. Әр аяғында бес тырнақты саусақ болады. Кесірткелер жақсы көреді, жақсы естиді.

Сұркелес. Қазақстанда өте сирек кездеседі. (Қызыл кітапқа енгізілген). Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдап құйрығын қозғалтады.
Жыландарда кесіртке сияқты аяғы жоқ, түсі өте суық, көзімен тура қарайды. Көбісі улы болып келеді.
Сергіту сәті

Қорытындылау
«Әр суретті өз орнына қой» ойыны арқылы сабақты қорытындылау
Бағалау
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтап бағалау
Үйге тапсырма: Тақырып түсінігіне дайындалып, бауырымен жорғалаушылар туралы мәліметтер жинау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама