Тыныштық
Бисмлиллаһһир Рахмманнирахим!
Байқұс ана көл жағалай жүгірді, жұдырықтай жүрегінің ішінде атом бомбысы жарылды, өз тепе-теңдігін жоғалтты. Қағанағын хақ жарып шыққан шақалағын тірі тұрып суға жіберді,соның артынан өзін суға лақтыруға ойы кетті.
Аспан асты, жер беті қыбырлаған тіршілік, қара құмырысқа біз білмейтін мақсаттармен арқасына ал бұт, желкесіне жеті пұт жүек арқалап кетіп барады, барлық жан иесі Раббысын қаласада, қаламасада зікір ете, дем алып-дем шығарады. Дем үзілсе, жүрек соғудан тоқтайды, өмір бітеді. Өмір деген бір «дем» ғана....
Ол сәбиі үшін жан беруге дайын... Сол сәтте Ұлы Жаратушы Құдіретімен оның жүрегіне тыныштық берді, кеудесіне нұр құйды, сандықтағы сәбиі су бетінде бірде жоғары, бірде төмен теңселе баяу жылыстап барады. Байқұс ана жанын жегідей жеген ауыр күйзелістен құтылды. Баласы туралы арықарай ойлауға ойы жалғаспады, ойлай алмады, денесін басқаратын жұмыр еті жүрегі «Алла, Алла» деп соғып кетті, сондай бір рахат күй кештті, өзін ең бақты адам сезінді. Су бетіндегі шақалақ сандық ішінде қамсыз ұйқыда. Алланың қалауымен су жұмсақ ақты. Жөргегінде анасының исін емірене искеп көзін ашпай баяу тербеліп, су ағысымен бір иірден айнала көзден көрінбей кетті. Ана бақырайып қарап тұр...Жүрегі «Алла, Алла» деп соғып жатты....оның жүрек соғысына енді су бетіндегі болмашы толқындар, таулар, арыстандар, құстар бәр-бәрі қосыла «Алла, Алла» деп Жаратушысын жаппай зікір ете бастады. Ана сондай бақыттың құшағында тербелді...
Жер бетінің апшысын қуырған қаһарлы патша Перғауын Мысыр жерін ашса алқанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрды. Бір күні ол түс көрді, түсінде жаман іс көрді. «Баитл Мухаддас жақтан шыққан өрт Мысырға жетіп, Мысырдың күллі ғимараттарын, күл қылады. Бірақ, бәни Исраил дін аман».
Перғауын бақсы, балгер, сиқыршы, жұлдызшыларды жинап түсін жорытады. «Бәни Исраилден дүниеге бір ұл келеді екен, — дейді жорушы. — Мысырың да, тағың да соның қолынан күл-талқан болады. Дініңді өзгертеді.
Өзін құдай санап, өлімді ұмытқан озбыр патша, өлетінін еш мойындағысы келмей сары шашы тік тұрып, жирен сақалы дірілдейді, жаман қатты сұрланды. Перғауын Исраилден туған ұлды түгел өлтіруге әмір етеді. Исраил ішіне көп жасағын бақылаушы етіп қояды. Жазалаушылар екі қабат әйелдерді қинап, түсік тастатады. Үлкендер өліп, арттан ерер жастар қосылмай, елде еркек құрып бара жатады. Қыбтидың ақсақалдары перғауынға келіп, «Әулет құруға айналды. Ауыр жұмыс қарттарға қалды. Тіршілікті кім жалғастырады», — деп өтініш айтады. Барлық ісін ақылдасып шешетін Перғауын жанныдағы қырық уәзірдің уәжін тыңдап, жыл аралатып туылған ұл балаларды қыруға пәрмен берді. Дәл сол жылда толғағы қысқан ананың есі шықты, ұлы үшін шыр-пыр болды. Бейшара ананың ойына сандықшаға салып, суға ағызудан басқа ештеңе түспеді. Шабармандар бұлтиған қарнынға қарап әйелдерді аңдып, күн-түн шапқылады. Әне, олар зулап кетіп барады.
***
Перғауынның жары Әсия анамыз көпірдің үстінде кешкі салқында шалының жанында тұрды. Алыстан су бетінде жалт-жұлт еткен нұрды байқады, қиғаш түскен күн күміс толқынға шағылыса су беті одан сайын жарқырады. Әсия нұрға көз салды, сандықша жарық-жұрық етіп жақындап келеді, көзін уқалай қайта қарады. Қызметшілер сандықты судан алып бетін ашты. Алтын басты баланы көрген жерден Әсия анамыздың аналық мейірі оянып, бағып алуға ниет етті. Қаһарлы патшы баланы көріп санасы сан жақты кезді, ойы ойпыл-тойпыл хәлге түсті. Әсия анамыз «бағып алсақ» деп өтініш етті, қалың ой тұманына шөгіп тұрған жауыз патша үнсіз бас изеп тұрғанын өзі де білген жоқ. Баланы сарайға алып келді. Шақалақтың артынан аңдып көз салып жүрген сәби анасының сіңілсі патша қолына түскенін көргенде есі шықты. Әсия ана сәбиді искеді, жаннаттың исін сезді, Аллаға іштей мадақ айтты. Аңдыған ана сарай маңына мысық табанмен жақындады. Сәби үні сарайды жаңғыртты. Ордаға қарасты әйелдердің жаңа босанғандарын емізіді, бала аузына ешқайсысын салмады. Ешкі сүті, сыйыр сүтін берді, мүлде тамсамады. Сарай іші тағыда шырқыраған сәби үніне ұласты. Сарайды торауылдап жүрген ана сәбидің өз анасын әкелді, «осы кісіні емізіп көріңіз» деп ебін тауып ескертті. Сәби өз анасын емірене емді, шекесі жіпсіп тер шықты, ананың 206 парша сүйегі жұмсарып, тұла бойы балқыды.... Тағыда жүрегі «Алла, Алла» деп дүрсілдеп соғып кеттті, оған ілесе алып таулар мен асау өзендер қосыла Жартушыны зікір етті.
Қаз табандап бала жүрді, патшаның есіне әлгі бақсының сөзі түсі, түн жарымда ұйқысы бөлінді, таңа ата үйіндегі баланы құртуды ойлайды. Сахар уақытында Әсия ана баланың амандығын үшін дұға тіледі. Таң ата патша жаман ойынан сап тиылды. Әр күні сахар уақытыда ояу Әсия ана күнде жасырын дұға жасады.
Бір күні патшаға шайтаны «егер ол ақылды болса бұның көзін құрт, ал ақымақ болса қолынан ештеңе келе қоймас» деп сыбырлады. Баланың алдына «шоқ пен алма» қойды. Бала алмаға қол соза бергенде Жебірейіл періште көзді ашып жұмғанша келіп оның қолын шоққа бұрады. Бала Алланың қалауымен дін аман патша ордасында өсті.
***
Перғауын зұлымдықта шектен шықты, жыл аралатып туылған ұл балаларды аяусыз қыруын еш тоқтатпады. Зар еңіреген аналар үні әр үйден естілді....Қыздарды аяқ есті етіп таптады, төсенші етіп төседі...
Адамдар ойына келгенін істеп нәпсінің құлы болды. Ұл мен қыз өз әкесінің кім екенін білмей басы қатты, зинаны «жігіттік, ерлік» деп қарайтын жігіттер пайда болды, ақындар оны тамасана жырлады, өсім жеу- өмірлерінің мәні болды. Қарыз алып той жасап, тойға баратын жігіттер қарызданып мойнына алтын шынжыр, қолына алатын сағат, жүзік тақты, жібек шарпы орады... ерлер әйелге, әйелдер еркекке ұқсады....Саудагердің бәрі жалған сөйлемесе басы ауыратын болды, туысқа, өзгеге деп екі түрлі таразы ұстады. Қоғамды әділетсіздік жайлады. Әлі жеткен әлі жеткенді әп-сәтте ұрып жығатын. Қазылар алтын ақша алса болды, жұдырығы жуанды жақтап, қолдан адамдарға тағдыр жазды. Перғауынның сол жақ иығында жасыл шапан кеиген шайтаны құлағына күн-түндемей сыбырлап тұрды, оң жақтағы періштеге жазатын ештеңе қалмады. Ордадағы атқа мінер ақ жағалы топ парақорлықта ту тікті, өздерін жарты құдай санады. Әр бірі өз ойы бойынша іс істеп, жұртты әбден састырды.
***
Патша ордасында аман өскен Муса зіңгіттей жігіт болды. Көшедегі әлім жеттікке жаны төзбеді, бір бейшараны тоқпақтаған жуан жұдырықшыны салып қалды да, елден кетуге мәжбүр болды.Мысық мұрты тебендеген бала жігіт иен дала, қараңғы түнда жалғыз қалды, табиғаттың тылысым сырларын алғаш сезді, судың сарылы, наскомдардың сан түрлі үні, аспандағы жұлдыздың жымыңы, топырақтың жылуы, желдің соғуы, құстардың шырылы бәр-бәрі оған Бір Құдіреттің барын сездірді. Сол қараңғы түннің емшегін емірене өпті, Өзіңе ризамын Жаратқан деп дұға жасады. Таң атты, түске жақын қой суғаруға келген екі қыздың қойын суғаруға көмектесті де үнсіз отырды. Әдепті жігіттің көмегін қыздар әкесіне айтып келді, сұңғыла әке бірден оның жай адам еместігін білді, он жыл қой бақты, қой бағып жүріп табиғатпен тілдесті. Қойлардың үнсіз төмен қарап, жүретінін өзін сойғалы жатқанда қыңқ демей жататынын, Ұлы Құдіреттің оны адам үшін осылай жуас етіп жаратқанын ойлады. Соныдықтан да оны Жартушының атымен бауыздауды білді. Барлық нәрсенің Жартушының мүлкі екенін, адам баласының менікі дейтін ештемесі жоқ екенін, уақыты келгеде адам бұл дүниеге қалай жалаңаш келсе, солай жалаңаш түгі жоқ күйде Жартушының алдына қайтатынын сезді. Қыз әкесі еңбек ақысына қызын берді.
Тас қараңғы түнде жанған отқа жақындады, Ұлық Алланың зор даусын естіді, Жартушыны зікір етті, Алла Тағала оның оң қолына нұр, аса таяқ беріп мұғжизалап Мысыр еліне Пайғамбар етіп жіберді. Інісі Һарун екеуі қос Пайғамбар болып асау Перғауынға барды. «Біз әлемдердің Раббысынан келген елшіміз, саған текқана Алланың ақиқатын жеткіземіз», «біз айқын дәлелмен, асқан муғжизамен келдік», «Исраил халқын құлдықтан босат» деді. Қандай асау болсада Алланың Құдіретімен ашулана алмады. Сәл ойланып қалды...
Уазірлерімен ақылдасты. Олар қоралана отырды... Айқын дәлелін көрсетсін, бізде елдегі ең мықты сиқыршыларды жинап Мысыр халқының алдында оның өтірігін паш етейік деп ой түйді. Патша үнсіз келісті.
Барша мысыр халқы өздері күн сайын аңыз етіп айтатын, аузына құс тістеген сиқыршыларын үкілеп алып келді. Алланы зікір еткен Муса Пайғамбар Перғауын сиқыршыларына көз салды. Мысыр сиқыршыларының қолдарындағы жіптері жыланға айналды, қара халықты таңқалдырды, Халық шапалақ соқты. Бұлар қайтер екен деп, Перғауында Муса мен Һарун Пайғамбарға қарады, олардың бойында еш абыржу жоқ. Төбеде түйдектелген бұлт пайда болды. Кезек Мусаға(а.с) келді, Бисмиллаһ деп қолындағы асасын лақтырды. Лезде алып аждаһаға айналып жыландарды қылғып жұта бастады. Жаңбыр тамшылады, халық таң қалды... Перғауын үнін жұтты. Сиқыршылар ақиқатты мойындап жерге бастарын ұрып сәждеге келді. Патшаның шайтаны сыбырлады. Бұлар менен руқсатсыз Мусаның Құдайына «құл болды» деп тепсінген патша оларға: «шадыр өрелеп, қол-аяғыңды кесемін» деп айбар шекті, олардың жүрегі «Алла, Алла» деп соғып тұрды... Сиқыршылар мұсылман болған халде Алланың рахметіне қауышты....Жаңбыр төгіп өтті.
***
Муса(а.с) ның айқын белгісін көрген Перғауынның қызының күтуші әйелі, жары Әсия анамыз мұсылман болды,
Биязыы мінезді қыз күтушісін білген сәтте патша балаларымен қоса ол әйелді қазанға май қайнатып шыжғырды... сол сәтте күн тұтылып, ай күйді, надандықтың батпағына тұншыққан патша одан сайын бата берді....Өз жары Әсияны да қинап өлтірді....
Алланың оған һақары түсті, шегіртке апатын жіберді, қалың шегіртке жұмыр басты дәнді дақылдың барын баудай түсірді, әр үйдің бау-бақшасына дейін түк қоймады, елге ашаршылық келді, патша кедей халқына қазынадағы ақшасын шығарып, молынан үлестірді... қазынасының түбі көрінді, ақсақалдар Муса пайғамбарға келіп, уәде беріп жалынды... Жартушы Муса пайғамбардың дұғасымен, апаттың бетін қайтарды.
Ай аунап, жыл жылыстады, олар қайтадан күпірліктте талтаңдады, көкірегі соқыр патша,не уәзірлерлер аспандағы күнге, түндегі айға, жымыңдаған қалың жұлдызға бір сәт сау ақыл көзімен қарамады. Патшының есіне періштесі «сенің жаныңды өз еліңнен туылған бір ұл бала алады» деген бақсының сөзі салды, тұңғыш рет өлімді, өзінің өлетінін ойлады, бірақ оның жанына сол сәтте шайтаны шауып келіп, ойын басқаға бөлді, тағы жауыздыққа басты, жөргегінде шақалақтарды қырды. Аналардың көз жасы Ніл өзеніне қосылып, су тасыды Мысыр халқы судың астында қалды, барлығын шайды... патшада, елдеде дәрмен жоқ ақсақалдар Муса (а.с) барып тағы жалынып-жалпайды, біз осыдан кейін сенің Аллаңа мойсұнамыз десті. Муса пайғамбар Аллаға дұға жасады. Ніл арнасында ақты.
Перғауын самайындағы ақ шашқа көзі түсті «қартайуды» мойындамай жерді тепсіне басып күшін көрсетті. Халқы баяғы әуенмен әндете күн кешті... Мысыр халқына енді бит-бүрге, қандаланың қышымасы түсті. Үстерін тар-тар қасыды, қасыған сайын жандары кірді, қаси берді, қаси берді... киімдерінің тігісі аппақ сіркеге толды, үстері бөртіп, денелері қотырланды. Бақсы ойнатып, ем жасады, ауырулары одан бетер асқынды. Қатерлі тері ауыруына ұласып, ел қырылды. Жер бетінде ажалдың биін билеген Перғауын патша өлгендерге тастан үш қырлы үй салды. Сасып бар аумаққа жайлады. Жұқпалы ауыру тарады...
Патша жан-жаққа ғалымдарын жіберіп емін іздеді. Олар себебін жасады, емі табылмады. Ғалымдар арасындағы Мусаның айқын белгісін көргенде жасырын мұсылман болған жеті жігіт сахар уақытында Жаратушыға жалына елі үшін дұға жасап, азанмен іске кірісіп, өздері жасаған дәрі-дәрмекті халыққа таратты. Олар іштей «біз Сенің берген ақылыңмен себебін жасадық Аллам, Өзің шипа бер» деп ем жүргізді. Ақсақалдар тағы Муса пайғамбарға барды. Тыныш тіршілік жалғасты... Бәрі баяғыдай көрінді...
Перғауын тағы есірді, шектен шықты... Алла жылан апатын жіберді, әр үйдің ас үйінде жер бауырлаған кішкентай аждақа олардың есін алды. Әзейлдің түсі бар жыланды көрген көп адамның есіне өлім түсті, өздерінің әлсіздігін білді, дүние қуып жүрген олар артынан ажалдың қуып келе жатқанын сезді. Алла осы ойларына оларға кеңшілік жасады, ұмытшақ адам байқұс тағы бәрін ұмытты. Жасақтардың өзі халықтан пар ала бастады.... Жемқорлық шектен шықты...
Жерге шөп шықпай қуаңшылық апаты елді жайлады, шөптің бағасы аспандап жер иемденген байлар одан сайын қара халықты қысты...мал аштықтан қырылды.
Бір күні Патшаның ерке қызы әкесіне сен құдайсың-ғой жаңбыр жаудырсаңшы деп мазасын алды... Ол бірінші рет өзінің құдай еместігін ойлады. Екі қасының ортасындағы бөденедей асау нәпсісі «сен құдайсың» деп шекесін солқылдатты.... Қызы «жаңбыр жаудыр әке» деп тағы өтінді....
***
Мысыр еліне құрбақалар қаптады. Құрбақаның кірмеген есігі, ұяламаған төрі қалмады. Олардың құрылдаған дауыстарынан мысырлықтар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді. Түнде мұздай болып арқаларына, қарындарына жабысты, олар ұйқыдан қалды, Муса пайғамбарға барды, жалынды, үйіп-төгіп ақсақалдар уәде берді, «иманға келеміз» деп ант-су ішті..... Пайғамбар дұға жасады, пәледен құтылды, артынша олар тағы да екі жүзділікке басты. Жаббар Ие бұдан соң оларға үлкен азап жіберіп, Ніл өзенін қанға айналдырды. Мысырлықтардың негізгі су көзі осы Ніл еді. Бір күні олар таңертең тұрғанда, Ніл өзенінің қып-қызыл қан болып ағып жатқанын көріп, ақыл-естен айырыла жаздады. Қаладан ішерге бір тамшы су таба алмады. Сол күндері күн де қатты ысып, кәпір ел шөлден қаталап, су іздеп шартарапты шарлады. Құдықтан алған сулары да қанға айналғанын көргенде, шарасыз қалды. Мысырдың кәпір халқының төбесіне төнген осы пәлекеттер шамамен он жыл бойы бірінен-соң бірі айналып келіп тұрды. Алла Тағала оларды түзелер деп елші жіберді, пайғамбарды тыңдамаған соң, апат жіберіп тәрбиеледі. Әр пәлекет келгенде, хазірет Мұсаға жалынып, пәлекет кетісімен, уәдеден тайып тұрды.
Патша құлағында қызының «жаңбыр жаудырсаңшы» деген сөзі құлағында жаңғырды... Сол кезде асау нәпсі шекесін солқылдата қысты, Перғауын барған сайын зұлымдығын жасады. Алла Тағала Муса Пайғамбарға алтын жасау ғылымын үйретті, Мусаның төңірегіндегі қауым лаулаған өттың ішіндегі салқындап отыраған Ырабһим(а.с) Пайғамбар сияқты жандары тыныш бақытты күндер кешті, тақуалықта күн кешкен Муса пайғамбардың жиені Қарын алтын жасауды үйреніп, ашкөздікке салынып Алласын ұмытты, қамба-қамба алтынның кілттерін есекпен тасыды. Қарын бай бұны өзім таптым деп шіренді...Алланың ашуы келді ол бір сәтте жоқ болды.
Шайтан сыбырлап Перғауынға бұның бәрін жеткізді, қалың әскері мен Мусаны елден түре қуды. Арқыраған қызыл теңіз арнасына симай тасып жатты, Қаһарлы патша қылштан өткізуге таяп келеді, артында қуатты қалың қол алдында ақыраған өзен. Муса пайғамбардан басқа қауым өлімді көз алдарына елестетті. Алладан үн келді, «Менің атыммен қолыңдағы аса таяқпен суды ұр». Бізге қиын нәрсе Аллаға оңай, дін деген ақылға салынбайды, тек сену. Айттың болды, бойсұндым деу керек. Алланың Құдіретімен су қақ жарылды. Арқыраған су «Алла, Алла» деп жөңкіле ағып барады... Муса аман-сау Алланың қорғауында қауымымен жағаға шықты. Сондай ұлы Құдіреттің күшін көріп тұрған надан Перғауын суға лап қойды. Су лақ етіп қосылды...Ежелден Алла жалғыз, Пайғамбарлар хақ, тек айналасындағы қауымдар ақылын қосып адасты. Бұрынғы кітаптарды өзгертті... Ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа(с.а.у), ең соғы кітап Құран. Бүгінде жер бетінде жалғыз дін бар ол Ислам...
Перғауын суға батып өлерде «Бани Исраилдың құдайына сыйындым» деп үн қатты, Алла Тағала оның өлі денесін біздерге сабақ болсын деп, жағаға лақтырды. Құмда бірнеше мың жыл оның жирен салқалы мен, сары шашы сол күйінде сақталды... Асқақ, такаппар, жауыз патшаның өлі денесі Алланы танымайтын «өркениетті елдің» төрінде қазіргі бақытты байлықтан, мәнсаптан, сұлу әйелден іздейтін, адамдық қатынастарды ақшамен байлайтын «дамыған» адамдарға үлкен шындықты ескертіп тұрғандай....
Аспан асты, жер беті қыбырлаған тіршілік, қара құмырысқа біз білмейтін мақсаттармен арқасына ал бұт, желкесіне жеті пұт жүек арқалап кетіп барады, барлық жан иесі Өз Құдіретімен жандарын ұстап тұрған Раббысын қаласада, қаламасада зікір ете, дем алып-дем шығарады. Әу баста Алла бізді бір тамшы мәниден ұйыған қанға, одан өкпені жаратып, жүректі соқтырған солай жан берген... өкпе сығылып, дем жетпей, өмір бітеді. Өмір деген бір «дем» ғана....