instagram.com/whitehouse
- 21 сәу. 2026 03:01
- 23
Трамп Иранға «жаппай бомбалаумен» қорқытты
АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге Иранмен жасалған уақытша бітімнің мерзімі аяқталса, «жаппай бомбалау» болатынын айтты. Бұл шараның қашан және қайда болатынын саясаткер нақтыламады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Егер бітім ертең кешке дейін күшін жойса не болады?» деген журналисттің сұрағына Трамп: «Онда жаппай бомбалау басталады», – деп қысқа жауап берді.
АҚШ президенті Америка Құрама Штаттарының Исламабадта келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын нақтылады. Иран өкілдерінің қатысатыны-тұғыны белгісіз. Алайда, Трамптың айтуынша, негізгі мәселе сол күйінде қалады – Иранда ядролық қару болмауы керек.
Truth Social желісіндегі мәлімдемесі
Сонымен қатар, Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Иранмен әскери қақтығыс туралы пікірін білдірді. Саясаткердің айтуынша, соғыстың басталуына 2023 жылдың қазан айындағы оқиғалар себеп болған. Трамп басқа себептерді алға тартатындарды «жалған жаңалықтар» деп атап, «таңғалатынын» жазды.
«Израиль мені ешқашан Иранмен соғысқа итермеген жоқ – мені бұл жағдайға 7 қазан оқиғалары әкелді, сондай-ақ менің бұрыннан келе жатқан ұстанымым: Иранда ешқашан ядролық қару болмауы керек», – делінген хабарламада.
АҚШ президентінің пікірінше, егер Иранның жаңа басшылары елдегі режим ауысқан жағдайда «ақылды болса», олар үшін «ұлы және гүлденген болашақ» болуы мүмкін.
Иранның жауабы
Бұған дейін Иран Оман шығанағындағы Ислам Республикасы туының астында жүзіп бара жатқан жүк кемесіне АҚШ-тың шабуылын бітімді бұзу деп атап, Тегерандағы билік өкілдерінің мәлімдеуінше, АҚШ әскери кемелеріне дрондармен соққы берген.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social желісінде Америка әскери-теңіз күштері Иранның порттарына Вашингтон орнатқан теңіз блокадасын айналып өтуге тырысқан Иран туының астындағы жүк кемесін басып алғанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, ирандық экипаж бағынудан бас тартқан, содан кейін американдық зымыран эсминеці кемені тоқтатып, машина бөліміне тесік жасаған. Қазіргі уақытта кеме АҚШ теңіз жаяу әскерінің бақылауында.