Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 минут бұрын)
BTS қайта оралды: Сеулдегі концерт үшін метро жабылып, көшелер бұғатталды

21 наурызда Сеулдегі Кванхвамун алаңында әлемге танымал оңтүстік кореялық BTS тобының концерті өтті. Бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 200 мыңнан астам жанкүйер жиналды. RM, Джин, Шуга, Джей-Хоуп, Чимин, Ви және Чонгук атты жеті мүшеден тұратын топ, төрт жылдан кейін алғаш рет толық құрамда «The Comeback Live Arirang» атты тегін концертте өнер көрсетті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Топтың бұл тегін концерті ARIRANG атты бесінші альбомының шығуымен және әлемдік турнесінің басталуымен тұспа-тұс келді. Концертті Netflix тікелей эфирде көрсетті.

Әлемдік турне және рекордтық альбом

BTS тобының әлемдік турнесі тарихындағы ең ауқымды тур болмақ. Олар 34 елде өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Топ мүшелері ARIRANG альбомы жарық көргеннен кейінгі күні сахнаға шықты. HYBE агенттігінің мәліметінше, альбомның бірінші күнгі сатылымы шамамен 4 миллион данаға жеткен.

Альбоммен бірге топтың қайта бірігуі туралы деректі фильм де шықты. Ал тікелей концерттің жазбасы Netflix платформасында қолжетімді.

Жанкүйерлер мен қауіпсіздік

Концерттің негізгі көру аймағында билеті бар 22 000 көрермен болды. Тағы он мыңдаған адам жақын маңдағы көшелердегі экрандардан немесе тікелей трансляциядан тамашалады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Кванхвамун алаңынан мэрияға дейінгі метро желісі 33 сағаттан астам уақытқа жабылды. Сонымен қатар, жақын маңдағы көшелерде көлік қозғалысы шектелді. Полиция концертке келгендер үшін арнайы автобустар да ұйымдастырды.

Әскери қызметтен кейінгі оралу

BTS тобы мүшелерінің Оңтүстік Кореядағы міндетті әскери қызметке шақырылуына байланысты уақытша үзіліс алған болатын. Қазір барлық мүшелер қызметін өтеп, қайтадан шығармашылыққа кірісті.

Жаңалықтар

Жарнама