Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тірі «мұражайға» айналған ағаш

Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» — деп атаған. «Гинкго" — жапон тілінде «күміс жеміс» — деген мағынаны білдіреді. Гинкго — ашық тұқымдыларға жататындықтан, оның жемісі болмайды, тек тұқым түзеді, жеміске ешқандай қатысы жоқ. Тұқымдары домалақ әрі жылтыр болғандықтан айтылған теңеу ғана. Е.Кемпфер гинкгоның тұқымдарын Еуропаға алғаш әкелген. Гинкго — Жапонияда, Қытайда, Кореяда шіркеудің айналасындағы саябақтарда өсіріледі. Гинкго 1730 жылы Батыс Еуропаға, 1760 жылдары Солтүстік Америкаға әкелінген.

Гинкгоны «жұрнақ ағаш», «тірі мұражай», «көненің көзі» — дейтін себебі гинкго мезозой заманынан (100 млн. жыл бұрын) бері сақталып келе жатқан ағаш. Палеоботаниктер юра кезеңіндегі геологиялық қабаттардан оның жапырағы діңі, тозаңдарының қалдық іздерін тапқан әлі күнге дейін Украина, Орал, Гренландия, Солтүстік Американың жер қойнауынан гинкгоның тасқа басылған таңбалары табылуда.

Гинкго — ашық тұқымдыларға жататындықтан жемісі болмайды, тек тұқым дамиды. Қытайда тұқымын медицина саласында қолданады, кейде қайнатып, қуырып тамаққа пайдаланады. Қазіргі кезде гинкго Еуропа, Солтүстік Американың саябақтарында өсіріледі. Гинкго — көп жыл жасайтын ағаш, Қытайда, Жапонияда 1000 жылдан аса өсіп тұрған даралары бар.

Оқуға кеңес береміз:

Әлемдегі ең әдемі ағаштар

Баньян ағашы

Табиғатқа қалай қарауымыз керек

8 млн ағаш егіп, 100 жыл бұрын оталып кеткен орманды қалпына келтірді


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама