- 19 жел. 2021 00:00
- 363
Қант алынатын ағаш
Біздің түсінігімізше қант — қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді. Солардың ішінде қант үйеңкісі деген түрі Солтүстік Американың шығыс бөлігінде өседі. Үйеңкілердің ішіндегі ең биігі (биіктігі 40 м). Бұл үйеңкінің жапырағы канадалықтардың ұлттық рәмізі (символы) болып саналады. Ол сол елдің туында, спортшыларының киімдерінде бейнеленген. Қант үйеңкісі (клен сахарный) ең алғаш Американы мекендейтін байырғы тұрғын халықтар (аборигендер) мен Америкаға қоныстана бастаған ақ нәсілдерге қант көзі болған. Қант үйеңкісінен қант, сыра, сироп (жеміс суы) алу өндірсі Канадада XIX ғасырда дамыды. Үйеңкінің діңінде шырын ақпан-наурыз айларында өте қарқынды қозғалады. Қант үйеңкісінің діңінің жуандығы 1,5 метрге жетеді. Бір ағаштан ағызып алынған шырыннан 2-4 кг дейін қант жасайды. Шырынның құрамында 20%-ға дейін қант болады. Шырынды темірден жасалған шелекке немесе күбіге ағызып алады. Алынған шырынды қайнатып қант дайындайды. Канада мен Америка Құрама Штатында үйеңкі шырынынан жылына шамамен 4000 тонна қант дайындайды.
Оқуға кеңес береміз:
Шекер тарихы
Қант және оның пайдасы мен зияны