Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 45 минут бұрын)
«Толық тізбекке арналған Ом заңы. Аралас тізбектерді шешу» тақырыптарына есептер шешу
Сабақтың тақырыбы: «Толық тізбекке арналған Ом заңы. Аралас тізбектерді шешу» тақырыптарына есептер шешу
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Тұрақты ток заңдарын, тізбек бөлігі мен толық тізбекке арналған Ом заңдарын, өткізгіштерді тізбекте аралас жалғауда тізбекті шешу, ондағы электр тогын сипаттайтын шамаларды анықтау бойынша білімді теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда, есеп шығаруда қолдана алуға баулу.
тәрбиелік: Оқушыларды тұрақты ток заңдарын теорияда және практикада қолдана алу дағдыларын дамыта отырып, білімді өмірде қолдана алуға тәрбиелеу. Физиканың практикалық маңызын ұқтыра отырып, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.
дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету.

Сабақтың типі: Білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: Практикалық тапсырма материалдары, ActivStudio программасында жасалған флипчарт, тест флипчарты, таратпа материалдар, «Интерактивтік физика» программасының тапсырмалары.
ОТҚ Дербес компьютер, интерактивті тақта, проектор, документ - камера, дауыс беру пульті

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі – 1 мин
2. Теориялық кезең - 10 мин
3. Практикалық кезең – 5 мин
4. Есептер шығару - 25 мин
5. Үйге тапсырма беру - 1 мин
6. Бағалау, қорытындылау. - 3 мин

«Зертханада». Практикалық тапсырмалар
№1 тапсырма. «Ауыр газет»
Құралдар: ұзындығы 70 - 80 см шыбық, газет, метр..
Столдың шетінен 10см бөлігі шығып тұратындай етіп рейканы қойып, оның үстіне газетті жаямыз.
1) Егер рейканың ашық ұшын жайлап бассақ, газет біртіндеп көтеріледі.
2) Ал, егер шыбықтың шетін бірден ұрып қалсақ, ол сынып қалады немесе газет тіпті көтерілмейді де. Неліктен?

ІІ. «Зертханада». Практикалық тапсырмалар
№2 тапсырма. «Майшам өше ме?»
Құралдар: суы бар шыны ыдыс, майшам, сіріңке.
Майшамды жағып суы бар ыдысқа саламыз. Майшам өше ме? Құбылысты түсіндір?

ІІ. «Зертханада». Практикалық тапсырмалар
№3 тапсырма. «Ғажайып жұмыртқа» немесе «Ғажайып картофель»
Құралдар: екі суы бар шыны ыдыс, картофель немесе жұмыртқа.
Суы бар екі ыдысқа картофельді кезекпен саламыз. Бір ыдыстағы суға картофель батып, екіншісіне батпайды. Неліктен?

ІІ. «Зертханада». Практикалық тапсырмалар
№4 тапсырма. «Қолды суламай ал»
Құралдар: тарелка немесе жайпақ ыдыс, тиын, стакан, қағаз, сіріңке.
Ыдыстың түбіне тиынды салып, аздап су құямыз. Судың ішіндегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?

ІІ. «Зертханада». Практикалық тапсырмалар
№5 тапсырма. «Сиқырлы су»
Құралдар: суы бар стакан, қағаз парағы.
Жартылай су құйылған стаканның бетін парақпен жауып, қолымен басып ұстап тұрып, төңкереміз. Қолымызды парақтан алғанда стакандағы су төгілмей тұрады. Неліктен?

ІІІ. Есеп шығару.
Радиусы 0, 1 мм капиллярдың ішіндегі спирт 56 мм көтерілді.
Спирттің беттік керілу коэффициентін табыңдар.

ІІІ. Есеп шығару.
Өлшемі 3, 5 х 1, 5 х 0, 2 м 3 темір тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін Архимед күшін есептеңдер.

ІІІ. Есеп шығару.
Биіктігі 0, 5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? ( ρ=800 кг/м 3 )

ІІІ. Есеп шығару.
Таудың бөктеріндегі қысымды өлшегенде 760 мм. сын. бағ, ал шыңындағы 700 мм. сын. бағ болған. Таудың биіктігі неге тең?

ІІІ. Есеп шығару.
Радиусы 0, 1 мм капиллярдың ішіндегі спирт 56 мм көтерілді.
Спирттің беттік керілу коэффициентін табыңдар.

ІІІ. Есеп шығару.
Өлшемі 3, 5 х 1, 5 х 0, 2 м 3 темір тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін Архимед күшін есептеңдер.

ІІІ. Есеп шығару.
Биіктігі 0, 5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? ( ρ=800 кг/м 3)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама