- 05 нау. 2024 04:15
- 170
Тренинг «Мен ғажайыппын»
Тренинг «Мен ғажайыппын»
Тренингтің мақсаты: Оқушыларды қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, Оқушылардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта (презентациялар), түрлі түсті бояулар, журналдар, қима - қағаздар, күннің суреті, релаксацияға арналаған әуендер, жүрекше, ватман,
Тренингтің болжамданған нәтижесі: Оқушылардың өздерін қайталанбас жеке тұлға екенін ұғындыру, топпен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сыныбы: 9
Жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Комплименттер
3. «Мен» жаттығуы
4. «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.
ІІ. Негізгі кезең.
1.«Мен кіммін?» жаттығуы.
2. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.
3. Аутотренинг
4. «Ұжымдық сурет»
5. «Кірпі» жаттығуы.
ІІІ. Қорытынды.
1. «Өмір коллажы»
2. Рефлексия
Жүргізу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. «Сәлемдесу»
Мақсаты: топта психологиялық ахуал орнату, балалардың көңіл – күйін көтеру.
Оқушылар жұптасып, бір – бірінің алдына тұрып, амандасу рәсімін орындайды. Оқушыларға қимылдарды орындау арқылы амандасу ұсынылады. Балалар қисылдарды тез орындау қажет. Сонымен, көзбен, оң қолмен, сол қолмен, өкшемен, бірінші иықпен, екінші иықпен, оң құлақпен, сол құлақпен, оң тіземен, сол тіземен, бірінші шынтақпен, екінші шынтақпен, арқамен.
2. Комплименттер айту.
Мақсаты: оқушылардың көңіл – көтеруіне арналған жаттығу.
Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір – біріне кезекпен – кезек қолдарына шеңберлі көңілді күннің суретін беріп, жағымды сөздерді айтады. Мысалы: Жанар, сенің күлкің өте әдемі, өзіңе жарасымды.
3. «Мен» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылар өздерінің сыныптастары жайлы қосымша ақпарат алу.
Балалар кезекпен кезек орындарынан тұрып, «Ал сендер білесіңдер ме, мен...» сөйлемін аяқтауға ұсынылады. Әрине айтылған сөйлем шындық болуы шарт. Мысалы: Ал сендер білесіңдер ме, мен жазда Тайланд еліне бардым. Ал сендер білесіңдер ме, мен шоколадты балмұздақты жақсы көремін.
4. «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.
Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы бұлшықет түйсінуінен арылту, босаңсыту
Нұсқау: Қанекей бір біріңе тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа - райы алдымен керемет еді, күн ыстық, ашық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды, алдыңызда тұрған адамның арқасынан қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаймыз. Жел күшейіп қол қимылы жылдам бола түсті. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын жауын жауды (Жұбыңыздың арқасына жеңіл түрде қағасыз, нөсер басталды. Саусақтарымен қимылдар жасап, алақан жоғары төмен жүргізесіз.) Нөсер үдей түсті саусақтарыңызбен қатты қағасыз. Қайта қатты нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды. Сосын табиғат тынышталды. Қайта күн шықты.
ІІ. Негізгі кезең.
1.«Мен кіммін?» жаттығуы.
Нұсқау: Оқушыларға түрлі түсті түсті қағаздар ұсынылады. Оқушылардың әрқайсысы өздерінің көңіл – күйлеріне байланысты түсті таңдап, парақтың ортасына шеңберге өздерінің көңіл күйлеріне байланысты эмоцияны салады. Оның астына Мен... деген сөйлемін аяқтайды. Мысалы: «Мен лидермін, мен спортсменмін, мен әншімін, мен ақылдымын, т. с. с.»
Тренинг «Мен ғажайыппын». жүктеу