Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Түлікпен емдеу. Түйе

Түйе - төрт түлік малдың бірегейі. Денелі, шөлге шыдамды. Күшіне, төзімділігіне қарай халық оны «Қара жердің кемесі» деп те атайды. Еліміздің батыс өңірінде Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда облыстарында арнайы асырайды. 

Емдік қасиеті

Еті денені қуаттандырады. Жеуге өте-мөте жағымды. Еті, жілік майы, өркеш майы, сүті, шұбаты және жүні емге дәрілік мақсатта қолданылады.

Қолданылуы

1. Бала көтермеген әйелдер: түйенің бақайшақ майын алып, оған түбіт жүнін шылап, етеккірден арылғанда жатыр мойнына қойса, бала көтеруге ықпалын тигізеді.

2. Теріге түскен ақтандаққа: жаңа сойылған түйенің өкпесін таңса жазылады.

3. Сал  (паралич) ауруына: адыраспанға түйенің несебін құйып қайнатып, жылы кезінде қол аяққа биіктеу ұстап сорғалатып құйып сорықтырса шипа.

4. Қан тыюға: түйе жүнінің түбітін күйдіріп, ұнтақтап қан аққан жерге сепсе, қан тыйылады. Сепкеннен кейін бірнеше минут басып тұру керек.

5. Қол-аяқтын буыны қайырылып ісінгенде: түйе шудасын ерітілген тұзға немесе сірке суына шылап, таңып қояды. Күніне бірнеше рет жаңалап тұрады, мұны «сорбақта» деп атайды.

Өркеш майының емдік қасиеті

Тәтті дәмді, желді айдайды, қанды жүргізеді, ісікті қайтарады.

Қолданылуы

1. Қарттардың ішкі денесін қара жел алып арықтағанда, тәбеті азайғанда: түйенің 150 грамм өркеш майына сүт, бал қосып тосап қайнатып, күніне 100 мл ішеді. Дене әлденеді.

Түйе сүті

Қоректік құнарлылығы жоғары. Күнделікті ішкенде дененің, ішкі ағзалардың қызметін жақсартып, адамды семіртеді. Қарттарға әлсірегенде бір мезгіл шұбат ішкізсе, балбырап терлейді, ұйқысы жақсарып, сергек күйге енеді.

Қолданылуы

1. Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына, жел өкпеге құшала шұбаты мың да бір ем.

Құшала шұбатын әзірлеу тәсілі: түгі қырылған 2-3 тал құшаланы түйе сүті құйылған сабаға салып, әбден піскесін, жылылай орап, түн асырған соң әр ретте 1 кеседен күніне 3 рет ішу керек. Осылай 2-3 ай емделсе шипасы тиеді. Мұны «құшалалы шұбат» деп атайды.

2. Асқазан-ішек жолдарына қара жел байланып ас қорыту нашарлағанда: 
Мұндай ауруды қазақ емшілері түйенің шикі сүті қосылған шай тосабымен емдейді.

Дайындау әдісі: іші тазартылған сырлы шәйнекке су құйып, оның үстіне қалампыр, қара бұрыш, тұз, тас шай салып, тезек отынмен шымырлатып  қайнатады. Шәйнектегі дәрі-дәрмектердің нілі шыққан кезде 2 кеседей түйенің шикі сүтін косып, қайта кайнатады. Дәмдендіргіш әбден шығып болған соң қызыл күрең шайға қаймақ, сары май қосады да, бір ретте 1-2 кесе ішеді.

Ескерту: жүрек ауруы бар адамдар абайлап ішкені жөн.

Әділхан Аймағамбеттегі, жоғары санатты дәрігер


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама