Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Тұңғышбай Жаманқұлов: Өз шәкіртіме ғашық болып, үйлендім

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен қалай танысып, шаңырақ көтергені туралы бұрын естімеген қызықты жайттарды айтып берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актердің айтуынша, ол өзінің шәкіртіне ғашық болып, кейін үйленген. Жаманқұловтың сөзінше, Дәрияға деген сезімі бірте-бірте тереңдеп, үлкен махаббатқа айналған.

Махаббат жасқа қарамайды

«Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын», – деп әзілдеді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер жұбайына деген сезімін ерекше ықыласпен жеткізіп, отбасылық өміріне ризашылығын білдірді. Ол адамның жүрегіне әмір жүрмейтінін және өмірде түрлі жағдайлар болатынын атап өтті.

Тұңғышбай Жаманқұлов кім?

Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов – қазақ театр және кино өнерінің көрнекті тұлғасы, режиссер әрі театр педагогы. 1948 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген ол жастайынан өнерге жақын болып, актерлік мамандықты таңдаған.

1970 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына қабылданған актер, 1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тәмамдады. Сахнада Бақтығұл, Сырым, Абылай хан сияқты көптеген бейнелерді сомдап, көрермен ықыласына бөленді.

Кино саласында да «Отырардың күйреуі» фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған. Актерлік қырынан бөлек, режиссер ретінде де өнерге елеулі үлес қосқан. 1993-2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы театрдың бас директоры қызметін атқарды.

Еңбегі үшін Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Парасат және Достық ордендерімен марапатталған.

Жаңалықтар

Жарнама