Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ұлтанқұл Шұлғаубай

Сыр бойында Ұлтанқұл деген қалжыңбас жігіт болыпты. Жолаушылап келе жатып өзі де, аты да келісті бір жігітке кездеседі. Сәлемдесіп, жөн сұрасса, жігіттің есімі Шұлғаубай екен. Екеуі құрдас боп шығыпты.

— Мінген атың мен келісті келбетіңе Шұлғаубай деген есімің жараспайды-ақ екен, — деп қалжыңдапты.

Шұлғаубай оған ашуланбастан жауап беріпті:

— Құрбым, Ұлтанқұл-ау, сенің бұл айтқаның «жыртық тесікке күледінің» кері ғой. Шұлғау ұлтанның үстінде тұрмай ма? Табанның астында жатқан ұлтанды да есім деп жүргендер бар ғой.

Ұлтанқұл ұялғанынан Шұлғаубайға тобылғы сапты қамшысын сыйлапты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама