- 24 ақп. 2020 00:00
- 198
Қарт пен дәрігер
Бір қарт дәрігерге барады. О жерім, бұ жерім деп бір сыпыра ауруын баяндайды. Ол әр сырқатын айтқанда дәрігер:
— Кәріліктен, кәріліктен, — дей беріпті. Қарт әбден мезі болады. Тағы бір келгенде ол «кәріліктен» дей бергенде дәрігерді мазақ етіп, тілін шығарады. Оған түсінбей қалған дәрігер келіншек:
— Мұныңыз не? — дегенде, әлгі қарт:
— Бұл да кәріліктен, — депті.