Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақтың басы
Ширату
Мен бүгін сабақта...
1. Топқа бөлу (алтыбақан, асық, теңге)
2. Қандай ұлттық ойындарды білеміз?
“Ортада микрофон” әдісі
Дыбыстық талдау жасау. (талдау алгоритмі)
1 Сөзді айтады --------------------------
2 Буын санын анықтайды --------------- буын
3 Әріп санын анықтайды ---------------- әріп
4 Дыбыс санын анықтайды ------------- дыбыс
5 Неше дауысты дыбыс барын айтады, жіктейді ------- дауысты дыбыс (жуан / жіңішке)
6 Неше дауыссыз дыбыс барын айтады, жіктейді ----- дауыссыз дыбыс (қатаң/ұяң/үнді)

Сабақтың ортасы
Ойлан, тап «Пазлдар» ойыны арқылы жаңа сабақты түсіндіру. 3 топқа үш түрлі пазлдар үлестіріп беріледі. Пазл құрастырғанда экскаватор, экран, э әрпін көреді. Экран, экскаватор сөздерінде алғашқы буында э дыбысы естіліп тұрғанын айтады. Хормен э дыбысын айтқызып, тіл алды езулік жіңішке дауысты дыбысты белгілейтін әріп екенін таныстырамын. Қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейтінін орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән екенін айтып өтемін.
№1 Тыңдалым.
Экран, эстрада, электр, экскалатор, эфир, элеватор, экипаж, экскаватор.
Экран объектіні көріп тыңдауға мүмкіндік беретін құрал.
Эфир майы тамаққа, медицинада қолданылады.
2) Тікелей эфир халықпен қарым - қатынас.
Эстрада 1) Көpеpмендеp алдында аpтистеp өнеp көpсететiн биiк алаң.
2) Музыкалық жанр.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі:
Куспанова Алтынай Анубековна
Э дыбысы мен әрпі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама