Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі
1. Сабақтың тақырыбы: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды атыс жүйесімен және атыспен маневр жасауға үйрету.
Дамытушылық: шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту, өз іс - әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, мергендікке баулу.
Тәрбиелік: сабырлыққа, жауапкершілікке дағдыландыру, сыни көзқарас қалыптастыру, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: АӘД кабинеті
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
- жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
- мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы
жайлы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 20 минут.
Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.
Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.
Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату.
Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді.
Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.

Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.
Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.
Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс.

Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігін ескере отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай - ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды.
Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады.

Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір - бірін жабуы тиіс.
Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ - дәрінің болуымен анықталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама