Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
2 сынып
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі

(1 қыркүйек күні өткізілген алғашқы тәрбие сағаты)
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі.
Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі Сабақ әнұран айтумен басталады. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
Психологиялық тренинг
«Шаттық шеңберін» жасау
Шаттамын мен де!
Шаттанасын сен де!
Шаттанамыз бәріміз!
Арайлап атқан күнге!
Бәрімізге сәттілік серік болсын!

«Мен 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!». Нұрсұлтан Назарбаев
«Менің мақсатым». Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын стикерге жазады. Өз еркімен өз мақсатын жариялағысы келген оқушылар оқып беріп, сол мақсаттарын арман ағашына орналастырады.
Әр адамның өз алдына қоятын мақсаты болады. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да мүмкін. Біздің әрқайсысымыз үлкен гүлденген мемлекетіміздің кішкентай бөлшегіміз. Біз - біртұтас елміз! Олай болса, біздің еліміздің де алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Ол – бірлік, даму және ел қамы үшін көркею.

- Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі Білім күні сабағымызда болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры - ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Елбасымыз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз, қазақ халқы өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Мұғалім:
Мәңгілік Ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
- біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
- біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
- ол - Мәңгілік Ел идеясы
- Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады
- ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті
- Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары -«Қазақстан - 2050» стратегиясының түп қазығы
- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда
Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді
Берекелі кең байтақ, жалпақ елді
Қазастан адымдап бара берді
Көрінер көкжиектен далам енді
Кім танымас айтсаңшы айтыңдаршы
Қазақстан егемен менің елімді
Кім танымас тербелген тал бесікті
Болашаққа айқара аштық кең есікті
Барша ел аузын ашып тамсанумен
Қандай ғана егемен ел десіпті
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын – тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Сөзжұмбақ.
1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)
2. Сөйлеу құралы. (Тіл)
3. Мейірімді адам. (Ана)
4. Қасиетті тағам. (Нан)
Отан деген немене? (топтастыру)
Ой қозғау: - Біздің Отанымыз қай ел? - Қазақстан.
- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл? - ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің Ордасы қай қала? - Астана.
- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды? - 30 тамыз.
- Бүгін қандай күн? - 1қыркүйек - Білім күні.
- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? - 16 желтоқсан 1991 жыл.
- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болады? – 27 Жыл.
* Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
* Тудың авторын атаңыз.
* Елтаңбаның авторы кім?
* Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
* Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
* Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
* Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30тамызда, 21жыл)
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«№5 мектеп - лицей» КММ
Өткізген: Дәрменқұлова Л. Ж.
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама