Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
және бөлу.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.
2) Есептеу, есте сақтау қабілетін ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
3) Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Альтернативті сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, проблемалық;
П\б: Ана тілі, қазақ тілі, еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жауқазын гүлі, слайдтар

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа назарын аудару.
- Балалар қазір математика сабағы. Сабаққа керекті құрал жабдықтарыңды алып, оқушы ережесіне сай түзу отырамыз. Бүгін бізде ерекше сабақ. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.

2. Психологиялық дайындық
(Шаттық шеңбер құру арқылы бір - бірлеріне тілек айту)
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
№6 (Бірнеше бала оқиды, қалған оқушылар тексереді)

4. Өткенді қайталау
Тест әдісі
1. Өрнек түрінде жаз: х пен 7 - нің көбейтіндісіне 630 - дың 7 - ге бөліндісін қос.
а) х*7 - 630*7
ә) х*7+630: 7
б! х*7+630 - 7
2. Күрделі теңдеуді тап.
а) х+5=15*2
ә) х - 10=30
б) 10+5=15
3. Амалды орындап өрнектің мәнін тап: 15: 3+20
а) 35
ә) 13
б) 25
4. Қабырғалары 4 см, 5 см, 7 см үшбұрыштың периметрін тап.
а) 2 см
ә) 15см б) 16 см

ІІ Жаңа сабақ
Балалар мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым. Ол сендерге арналған ішінде бірдеңе бар сияқты. Мынау гүлдің бөлшектері ғой.(Оқушыларға көрсету)
- Ендеше хатты оқиық. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сіздің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді. Мен жер бетіне құлпырып шыққым келеді. Маған көмектесіңіздерші.
- Мені қандай гүл деп ойлайсыздар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен кейінгі шығатын қандай гүл? Жауқазын (балалардың жауабы)
- Ендеше біз жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік.
Жауқазынның І тапсырмасы: Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру. Есептеу, есте сақтау қабілетін ой - өрісін, өз бетінше
тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Мұғалім: Жауқазынға көмектесу үшін әуелі өзіміздің білімімізді тексеріп алуымыз керек. жаңа сабақты бастамас бұрын көбейту кестесін еске түсірейік.
1*2=2 ------- 2: 2=1
2*2=4 ------- 6: 2=3
3*2=6 ------- 8: 2=4
4*2=8
Көбейту кестесін еске түсірсек мына өрнекті оқиық
134 *2
268: 2
1) 134 санының бірлігін, ондығын және жүздігін атау
1 жүзд.- 100
3 онд.- 30
4 бірл.- 4
Осылардың әрқайсысын 2 - ге көбейтеміз 100*2=200
30*2 =60
4*2 =8
Толымсыз көбейтінділердің мәндерін табамыз.
200+60+8=268

Қарағанды облысы,
Шет ауданы, Бұрма ауылы, Бұрма орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кузембаева Ләззат

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама