- 08 ақп. 2018 00:00
- 298
Үйде жасауға болатын кетчуп
Дүкеннен сатып алынатын дәмдегіштердің негізгі кемшілігі оған қант пен түрлі консерванттардың көптеп қосылуы. Сондықтан да біз сіздердің назарларыңызға табиғи өнімдермен үйде жасауға болатын кетчуптың мәзірін ұсынамыз.
Ингредиенттер:
— Томат пастасы 400 г
— Құрма (сүйегі жоқ) 100 г
— Сарымсақ 1 бас
— Алма сілті суы 2 ас қасық.
— Су 6 ас қасық
— Көкеністі бульон түйіршігі ½ дана.
— Тұз, бұрыш, қалау бойынша
Дайындау тәсілі:
1. Табаққа немесе кішілеу қазанға томат пастасын салу. Оған құрма, су және алма сілтісін қосу.
2. Тазаланған сарымсақты ұсақтап турап, бульон түйіршігін, тұз бен бұрышты қосу керек.
3. Қоспаны ақырын отқа қойып, қайнағанға дейін араластырып тұру керек. Қақпағын жауып тағы да 10-15 минуттай отта ұстау керек.
4. Пешті өшіріп, оның жарты сағат салқындату қажет. Салқындағаннан кейін блендерде араластырып, бір масса жасау керек.
5. Егер сіз жасаған кетчуп қатты сұйық болса, онда оны тағы да отқа қойып, аздап қайнатуға болады. Дайындалған табиғи өнімді тоңазытқышта екі аптадан артық уақытқа сақтамаған дұрыс.