depositphotos.com
- 07 сәу. 2026 19:30
- 25
WhatsApp жаңа жаңартуы: Алаяқтар мен бейтаныс нөмірлер қоңырау шала алмайды
WhatsApp мессенджерінде жеке ақпаратты қорғауға арналған жаңа "Құпиялылықты тексеру" (Privacy Checkup) функциясы пайда болды. Бұл жаңарту арқылы қолданушылар өз аккаунтының қауіпсіздігін бірнеше қадаммен оңай реттей алады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа функция арқылы соңғы рет онлайн болған уақытты, профиль фотосын, "Өзім туралы" жазбасын, мәртебесін, топтарға шақыруларды және бейтаныс нөмірлерден келетін қоңырауларды кім көре алатынын немесе кім байланыс жасай алатынын бақылауға болады.
Бейтаныс нөмірлерден қоңырауларды өшіру
Ерекше атап өтерлігі, "Silence Unknown Callers" функциясы бейтаныс контактілерден келетін қоңырауларды автоматты түрде өшіреді. Мұндай қоңыраулар телефонда көрсетілмейді, бірақ шақырулар тізімінде қалады. Бұл маңызды хабарлама болуы мүмкін деген жағдайда пайдалы.
Функцияны қалай қосуға болады
Барлық реттеулерді бір жерден тексеру және өзгерту үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Осыдан кейін алдыменз төрт бөлім ашылады. Онда кіммен байланыс жасауға болатынын, жеке деректерді бақылауды және чаттар мен аккаунтты қосымша қорғауды таңдай аласыз.
WhatsApp хабарлауынша, бұл жаңарту Қазақстан қолданушыларына қолжетімді. Егер жаңа функция әлі пайда болмаса, App Store немесе Google Play дүкендерінен қосымшаны жаңарту қажет.
-
WhatsApp introduces a new 'Privacy Checkup' feature, enhancing user security by allowing control over who can contact them and blocking unwanted calls.