- 03 қар. 2019 00:00
- 257
Хакім Абай
Даналық,ақындық,шеберлік деген ұғымдарды естісем,көз алдыма Абай деген ұлы тұлға келе қалады.Талантымен талайды таңқалдырған тарланым-Абайым...Осынша мақтауға,осынша мадаққа ие болған қасиетті қаламгерім сіздей болу - мен үшін ең биік арман.Әр түрлі ғылымыды меңгеріп, «Хакім Абай» атанған ,поэзияда,музыкада өшпес-өлмес шығармалар қалдырған данышпан да бір өзіңіз...Қазақ елінің мәдениеті мен әдебиетін қалыптастыруда ойып тұрып орын алатын өзіндік асыл тұлғамыз – сіз.Сізді білмейтін адам кемде – кем болар.Шынайы жүрегіңізден шыққан ,бояуы қанық туындыларыңыз оқырманның жүрегінің төрінен орын тапқан.Шығармаларын оқыған кезде ой теңізінде жүргендей шабыттана жүзіп ,құстай қалықтап ұшырып әкететіні өз алдына бір бөлек.Сыншылдық пен шыншылдықты кейінгі ұрпаққа қалай әсерлі етіп дәріптеген .Хакім Абайдың толғамаған,жырламаған тақырыбы жоқ шығар,бәлкім...Мұхтар ағамыздың «Хакім Абай» туралы айтқан «қазақтың бас ақыны» деген қанатты сөзіне қосылмай болмайды.Кейінгілерге бас бола білген,қаламын сілтеп,ақындықтың атына мінген өршіл ұрпаққа жол көрсеткен Абайым,әр ісіңе тәнтімін.
Абай поэзиясы – халық таңдауы ,ол мәңгі жасайды,өлмейді,өшпейді.Заманымыздағы жайттарды өлеңмен өрген,суретін сөзбен салған-Абайдай асылдың қайталанбас туындылары –байлығымыз,баға жетпес мұрамыз деп білемін.Әлемге әйгілі болған Абай халқының жанашыры бола білді.Абай сөзі –халық сөзі.Жай сөз емес,әсерлі,өткір,әшекейлі сөз.Бірде өлең,бірде әңгіме,бірде қара сөз болған шынайы сөз.Табиғатпен де тілдескен,махаббатты да бейжай қалдырмаған,сегіз қырлы,бір сырлы Абай – менің пірім, «Хакім Абай» деген сөздің нағыз иесі.Абай халық қорғаны.Оған қарап халық бой түзеді.Қазақ халқын тану үшін Абайды білу керек.Сіз арқылы өзгелерге болмысымызды білгіздік,тұрмыс-тіршілігімізді таныттық.Дана болсаң,ақын болсаң,кемеңгер болсаң ұлы Абайдай бол.Қара сөздеріңіздің құдіретін қаныма,бойыма сіңіре оқимын,от аламын,үлгі аламын.Сіздей қайталанбас тұлғаның тәрбие тұнған туындыларын толық түсінетін,бағыштайтын мен де бір қазақтың қаламды қолына алған қыздарының бірімін.Хакім Абайды көктен іздеймін,жұлдыздардың жанынан жарқыратамын,асқақ тұлғаны жердегі пендеден биік қоямын.Құдіретті қаламын сиқыршы таяғындай бағалаймын.Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға – Абайым,бағымыздың бес елі екенін сіз арқылы тағы бір мақтана айтамын.Ұлылардың ұлысы Алаш елінің тынысы болған данам осындай күш-қуатты қайдан алдыңыз?!Сізді өмірге әкелген анаңызға бас ием,ананың ғана емес,халықтың баласы болған сіздің ақындық жолыңызды ардақтаймын.Хакімдіктің тағынан түспеңіз...