Мағжанның маржан махаббаты
«Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз айтпақшы, махаббат-ұлы сезім. Әр адам өмірде түрлі сезімдерді бастан кешеді. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап жан-жағында болып жатқан іс-әрекеттерге,жанындағы адамдарға деген қызығушылық,әлемді тануға деген ұмтылыс болады. Өсе келе ол ата-анасын,туыстарын танып,оларға деген ыстық махаббатты сезінеді. Жаңа достар тауып,мектеп табалдырығын аттайды. Білім алуға құлшынысы артып,алдына мақсат қояды. Достарына,ұстаздарына,жақындарына деген бір ыстық сезім болады. Бұл-махаббат. Махаббат-ізгі сезім,нәзік сезім. Бұл сезім белгілі бір жанға немесе жаныңа жақын істерге ашылуы мүмкін. Ал ғашық болу-одан да ыстық. Сен ғашық болған сәтте әлем өзгеріп,құлпырып сала бергендей болады. Сенің көзіңе ерекше сұлулық елестейді. Тек жақсылықтарды ғана көресің. Ал өзің ғашық болған жан ең ерекше,дара жан болып көрінері сөзсізү. Ол жанның тек ерекшеліктеріне мән беріп,кемшіліктерін көрмеуге тырысасың. Тіпті сол бір жан үшін өз кемшіліктеріңді жоюға тырысасың. Өміріңді сол жансыз елестете алмайтындайсың.Ол-өміріңнің мәні,сәні. Егер бұл сезім оңынан болып,махаббатқа ұласса,ол жан сенің бір бөлшегіңе айналады. Ғалымдардың айтуынша «жүрек қателеспейді». Ендеше,таңдау жасар алдында ең бірінші жүрек үніне құлақ түру керек деп ойлаймын.
Махаббат тақырыбына поэзиясының бір бөлігін арнаған «Алаш» партиясының мүшесі,біртуар ақын Мағжан Жұмабаев болып табылады. Мағжан Жұмабаев тек әлеуметтік мәселелерді қозғап қана қоймай, махаббат туралы «Жас келін» ,«Зарлы сұлу», «Сүйгенім», «Алданған сұлу» секілді өлеңдер жазған.
«Сүйгеніме» өлеңін,аты айтып тұрғандай,махаббатына арнаған. Өлең жолдарындағы «Жандым-күйдім,сені ойлап,дамыл көрмей,Еш жанға сенен басқа көңәл бөлмей» деген сөздерден оның өз сүйгеніне деген адалдығын анық байқауға болады.Бұл өлең жолдары жай ғана махаббат емес,баянсыз,сұсты,қатал махаббатты көрсетеді.Өйткені,бұл-жауапсыз махаббат.Сенің күні-түні ойлап жүрген адамыңның саған ешқандай сезімі жоқтығын,сезіміңе жауап қатпайтындығын білу,әрине,өте қиын. Өлеңнен «Өміріңше «кет әрменнен» айырмадың!» деген жолдарды оқимыз. Осы екі ауыз сөздің өзі сүйектен өтеді. Себебі,ол сөздерді сенің сүйгенің жаныңның бір бөлшегі айтады. Өлеңде Мағжан атамыз өзінің сүймесе де басқа жанға кетіп,енді бұл адамға қайта оралмайтындығын айтады. Ал соңғы жолдарында ол сүйген жанының қара жер екендігін баяндайды. Бұл өлеңді оқи отыра мен тек қана тәтті махаббат емес,сонымен қатар тағдырыңды тәлкіге салар жауапсыз,қатал махаббаттың болатынына көз жеткіздім. Ақын сол бір жансыз өмірінің қаншалықты мәнсіз екенін,махаббат жалынының қаншалықты ыстық екенін ашып көрсетті деп ойлаймын.
Ақынның тағы бір керемет туындысы-«Жұлдызды жүзік,айды алқа қып берейін». Бұл өлеңде ақын сүйгенін жұлдызға,күнге,айтқан сөзін сиқырға,шашын толқынға,бетін балға теңеген. Ғашығының күлкісін «Күндей күміс табаққа меруерт жұлдыз шашқандай» деп өте әдемі сипаттайды. Өлең жолдарынан сағыныш сазын да байқауға болады. Оның алып ұшқан дария көңілі сүйгенінің шашындай толқынға кеп соғады. Сол бір жанға арналған жырларын жүрегіндегі қанына қалам малып жазып береді. Егер сүйгені жанында болса, сәулелерден шоқ жасап береді. Бұл теңеулер не деген керемет еді?! Өлеңді қай жағынан оқысаң да әдемі теңеулерге толы. Мен осы теңеулер мен тапқырлығы үшін ақын Мағжан атамызға басымды иемін. Бұндай тәтті сезімдерге теңеу тауып айтудың өзі үлкен өнер,еңбек деп ойлаймын.
Қазіргі заманда жас-жұбайлар арасында ажырасу көптеп кездеседі. Бұл-қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі.Ата-бабамыздың арасында айтудың өзі жат мәселе қазір тіптен қанға сіңіп, үйренісіп бара жатқан сықылдымыз. Жар таңдау-өте қиын. Осы таңдаудан соң, өмірдің ыстық-суығына төзіп, қандай қиындық болмасын жарыңа қолдау көрсетіп, сенім білдәру керек деп ойлаймын.Менің ойымша, әр жанұяның шаңырағын адалдық, төзімділік, сенім және махаббат ұстап тұруы қажет.
Махаббат-ерекше сезім. Осы сезімге кезіге отырып, бойымызға адалдықты серік етейік.Махаббат символына айналған «Қыз Жібек пен Төлеген» жырын оқып отырсақ та дәл осы қасиетті байқаймын. Мен әр пендеге бақытты да баянды махаббат тілеймін.