Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Я әрпінің жазылуы
Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Я әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру. Әдемі, көркем, қатесіз жазуға қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, карточкалар, ребус.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, халықтық педагогика.
Түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық. Барлығымыз көзімізді жұмып
Мен сабақта, мектептемін, Менің зейінім тұрақты
Мен жақсы ойлап отырмын.
2. Үй жұмысын тексеру:«Бәйге» ойыны
1.- И, й қандай дыбыс
И - дауысты дыбыс й – дауыссыз дыбыс
2.- И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?
И әрпінен кейін а дыбыс естіледі
3. – И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
И әрпінен кейін я әрпі жазылады
4. Тиын сөзін буынға бөл, неше буын бар?
Ти - ын, екі буын бар

ІІ. Мағынаны ажырату
Жаңа сабақты түсіндіру үшін, мынадай ребусті шешуіміз керек

Қандай сөздер шықты? (тақия, қария. Бұл сөздерде 5 әріп, 6 дыбыс бар)
Тақия деген ер адамдар киетін бас киім. Қария үлкен қарт адамдарды айтады.
Я қандай дыбыс? (Я қосарлы дауысты дыбыс)
Я әрпі қандай дыбыстардан құралған? (Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады)
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады.
Я қосарлы дауысты дыбыс.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
ІY Дәптермен жұмыс.
1 - жаттығу. Көп нүктенің орнына я қойып жаз.
Дари..., Әли..., Бақти... р, Қи... лбек, Ғали....
- Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
3 – жаттығу Көп нүктенің орнына әріпті қойып жаз.
4 - жаттығу Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып жаз
YІ. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың, Құлпынай көп екен.
Теріп, теріп аламыз, Қалтамызға саламыз.
YІІ. Өзіндік жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама