Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады — министр

2025 жылы Қазақстанның ЖОО-лары QS рейтингінде топ-150-ге енуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «DoingBusiness» рейтингінде және басқа да рейтингтерде Қазақстанның позицияларын жақсарту жөнінде баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады. Бұл — орта және жоғары білім дайындығының деңгейі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің арасында негізгі индикатор «PISA» — білім алушыларды бағалау халықаралық бағдарламасы. Аталған рейтинг мектепте білім беру сапасын үш пән бойынша өлшейді: математика, жаратылыстану, оқу. Рейтинг әрбір 3 жылда қалыптастырылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша рейтинг ағымдағы жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады. 2012 жылы Қазақстан 53-ші орынды иеленді. 2025 жылға қарай еліміз рейтингтің топ-40 қатарына енуі қажет. Бұл Люксембург, Хорватия, Израиль сияқты елдердің деңгейі», — деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, жоғары білім беру сапасы университеттердің халықаралық рейтингтерімен бағаланады. Бұл QS-атты жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі. Ол — әлемнің 1000 үздік жоғары оқу орындарының рейтингі.

«Бұл рейтингке Қазақстанның тек 10 жоғары оқу орны кіреді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар болғаны 207-орында. 2025 жылға қарай Қазақстанның жоғары оқу орындары топ-150-ге енуі қажет», — деді министр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама