Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Зардабын бүкіл әлем көріп отыр": Ердоған АҚШ пен Израиль басшыларына шұғыл үндеу жасады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Таяу Шығыстағы шиеленістің әлемдік деңгейдегі салдарына алаңдаушылық білдіріп, АҚШ пен Израиль басшыларын дереу келіссөз бастауға шақырды. Оның айтуынша, қазіргі жағдайды Израиль мен оның премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әрекеттері ушықтырып отыр.

Бұл туралы ол үкімет отырысынан кейін халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді. Ердоғанның сөзінше, бұл тек аймақтық қақтығыс емес, оның салдарынан бүкіл әлем зардап шегуде.

«Бұл – Израиль мен Нетаньяхудың соғысы, бірақ оның зардабын бүкіл әлем тартып отыр», – деді Түркия басшысы.

Ол қазіргі дағдарыстың Израиль басшылығының саяси мүдделерімен тығыз байланысты екенін атап өтіп, халықаралық қауымдастықты бұл мәселеге белсендірек араласуға шақырды. Ердоғанның пікірінше, жаһандық тұрақтылықты қалайтын елдер жағдайды ушықтыратын қадамдардан аулақ болып, дипломатиялық шешімдерге басымдық беруі тиіс.

Түркия президенті тараптарды шұғыл түрде диалогқа келіп, келіссөздер жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жаңалықтар

Жарнама