- 18 қаз. 2017 00:00
- 563
Зимбабвелік бизнес: балалар тышқан аулап, қуырып сатады

Зимбабведе дала тышқандары деликатес болып саналады. Қараңғы түсе салысымен ондағы балалар қолдан жасаған тұзақ құралдарын алып, тышқан аулауға шығады.

Балалар бір түнде 50-100-ге жуық тышқан аулайды.

Рас, тышқан аулау үлкен батылдықты, тәуекелдікті талап етеді. Себебі, жыландар да тышқан аулайды.

Олар олжаларын отқа қақтап пісіріп, жол жиегінде 10 тышқанды бір долларға сатады.







