Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
120 жас ғалым, докторант пен магистрантқа пәтер кілті табысталды

Мұғалімдер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің жас ғалымдарына, докторанттары мен магистранттарына жаңа баспаналардың кілтін табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ АТУ» АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев қатысты.

Елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин өз сөзінде Мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтуға баса назар аударатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Астанада тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 29 шаршы метрге жуықтады, жыл сайын 2 млн шаршы м жуық тұрғын үй тапсырылады.

«Баспаналы болғандарды құттықтаймын! Қазақ агротехникалық университетінде осындай дәстүр қалыптасқан, бұл еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі. Мердігерлеріміз рекордты қысқа уақыттың ішінде - 10 айда әдемі үйлер салып бітірді. 120 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл қаланың орталық бөліктерінің бірі. Мұнда баланың сыңғырлаған күлкісі естіліп, ақсақалдарымыз демалады, ал ең бастысы, бұл ғылыммен, шығармашылықпен, жастарымызды тәрбиелеумен айналысуды жалғастыруға ынталандырады. Баршаңызға бақыт пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін», - деді А. Лукин.

Елорда әкімдігінің қолдауымен университеттің жас оқытушылары, докторанттары мен магистранттары үшін Есіл өзенінің сол жағалауында 120 пәтерлік үш бесқабатты үй бой көтерді. Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өткен жас оқытушыларға және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарына пәтер кілттері табысталды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама