- 08 жел. 2016 00:00
- 203
2017 жылы Астана оқушыларына 10 млн теңге грант бөлінеді
2017 жылы Астанада 10 инновациялық мектеп пайда болады және мектеп оқушыларына грантқа 10 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы дарынды оқушылармен кездесу барысында Астана әкімі Әсет Исекешев хабарлады.
«Біз келесі жылы 10 инновациялық мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлермен, ұлттық компаниялармен бірлесіп бұл мектептерде белгілі бір мамандықтарды қолдайтын боламыз. Мысалы, ол роботты техника немесе ақпараттық технология, не химия болуы мүмкін. Кәсіпкерлермен уағдаластыққа қол жеткіздік, келесі жылы жұмысты бастаймыз», - деді Исекешев.
Оның айтуынша, елордалық екі мектеп бойынша «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-мен осындай уағдаластық бар. Әкім сондай-ақ 2017 жылы 20 инновациялық мектеп ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Исекешев желілік академия құру туралы америкалық "Циско" компаниясымен уағдаластыққа қол жеткізгенін атап өтті.
Астана оқушыларының ғылыми, өнертапқыштық қызметтеріне жағдай жасау мақсатында Назарбаев Университетімен, басқа да ЖОО-лармен уағдаластық бар. Сондай-ақ Исекешевтің айтуынша, келесі жылы әкімдік оқушылардың үздік инновациялық жұмысына арналған грант түрінде 10 миллион теңге қаражат бөледі.