Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 минут бұрын)
390 миллиард долларлық шығын: Ескі келісімдер Қазақстанды газ зауытынан қалай айырды?

Қазақстанның ұлттық компаниясы QazaqGaz корейлік Hyundai Engineering компаниясымен Қарашығанақ кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу туралы ірі келісімшартқа отырды. Бұл жаңалық ел экономикасы үшін маңызды болғанымен, артында 20 жылға жуық уақытқа созылған упущенные возможности жатыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа зауыт жылына 5 миллиард текше метр шикі газды өңдеуге қауқарлы болады. Жобаның жалпы құны шамамен 6 миллиард долларға бағаланып отыр. Құрылыс жұмыстарын 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

20 жылға кешіккен жоба

Алайда, бұл зауыттың құрылысы 2000-шы жылдардың ортасында, Қарашығанақты дамытудың үшінші кезеңі аясында басталуы тиіс еді. Сол кездегі жоспар бойынша, жаңа ГӨЗ ішкі нарықты жылына 19,8 миллиард текше метр тауарлық газбен және 2 миллион тонна сұйылтылған газбен қамтамасыз етуі керек болатын. Бірақ, үкімет Қарашығанақ консорциумының (KPO) акционерлеріне өңдеу қуаттарын құрудан бас тартуға рұқсат берді. Оның орнына, өндірілген газды кері айдап, сұйылтылған шикізатты көп өндіруге бағыттады.

Миллиардтаған шығынның салдары

Бұл келісімге байланысты сарапшылар 2010 жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Иденовтің елден кенеттен кетуін еске алады. Ол Қазақстан атынан өнім бөлу туралы келісімдер бойынша (ӨБК) басты келіссөз жүргізуші болған еді. Кейіннен, сол келісімдердің шарттары негізсіз жоғарылатылғаны және инвесторлардың өтеу мерзімдері ұзартылғаны анықталды. Сарапшылардың бағалауынша, осы шарттарға байланысты ӨБК аяқталғанша Қазақстан 390 миллиард долларға жуық қаржыны жоғалтуы мүмкін. Мемлекеттің табыстағы үлесі 77%-дан 53%-ға дейін төмендеген. Қызығы, Иденов елден кеткен соң көп ұзамай италиялық Eni компаниясының (консорциум қатысушыларының бірі) құрылымында жоғары лауазымды қызметке тағайындалған.

Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі жалдаған заңгерлер Иденовке қарсы халықаралық арбитражда сыбайлас жемқорлық айыптарымен сот жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, қоғамда бұрынғы шенеуніктердің кімдердің Қарашығанақ консорциумына қазақстандық ГӨЗ құрылысына инвестиция салмауға рұқсат бергені туралы заңды сұрақ туындауда.

Жаңалықтар

Жарнама